Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғызбасты көпбалалы ана 13 жылдан бері үй кезегінде тұр

Павлодарлық көпбалалы ана баспаналы болудан әлдеқашан үмітін үзген. Себебі оның мемлекеттік бағдарлама бойынша үй кезегінде тұрғанына 13 жыл болған.

Screenshot_3

Фото: “Народный контроль” бағдарламасынан скриншот

Әбден шарасы таусылған Жұмагүл Серғазинова Хабар арнасының «Народный контроль» бағдарламасына жүгінуге бел буған. Айтуынша, ол 8 баласымен бірге ауданы небәрі 17 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі пәтерді жалға алып отыр. Сорақысы сол, мемлекеттік қызметкерлер көпбалалы анаға көмектесудің орнына: «бала туардан бұрын ойлану керек», – деген.

Жалғызбасты ана қазір жұмыссыз. Себебі ең кіші баласы – небәрі 8 айлық. Күйеуімен ажырасып кеткен. Жұмагүлдің бұрынғы жолдасы балалары үшін алаңдамайтын көрінеді. 8 баланы дүниеге әкелген ана – «Алтын алқа» иегері.

Screenshot_2

Мемлекеттің тарапынан оған көп баланың анасы болғаны үшін 13 мың теңге көлемінде және кәмілеттік жасқа толмаған балаларға жәрдем ретінде 18 мың теңге беріледі. Ал үйдің үлкендері сабақтан бос уақытта даяшы болып жұмыс істеп, өз нандарын өздері тауып жүр.

«Ешкімнен ештеңе сұрамаймыз, киіндір, тамақ әпер демейміз. Оның бәрін өзіміз де тауып жүрміз. Тек баспана мәселесімен көмектессе дейміз. Себебі мынадай жағдайда күн көру мүмкін емес», – дейді үйдің тұңғышы Индира Алпысбаева.

Screenshot_4

«Мен бөлмеден шығып кетіп, дәлізде тұрып жылаймын. Балаларым көрмесе деймін. 13 жыл кезекте тұрғанымды айтсам кейбір таныстарым сенбейді. Себебі 7-8 жылда, тіпті, одан да аз мерзімде үй алып жатқандар бар, көпбалалы аналарға үй беріліп жатыр дейді. Басқа адамдардың қалай баспаналы болып жатқанын түсінбеймін, себебі бізге бермейді», – дейді шарасы таусылған көпбалалы ана.

Жуырда болған оқыс оқиға Жұмагүлдің сағын сындырды. Ол тұратын жатақханада кешкі уақытта жарық сөніп қалған. Майшам жағып, жарықтың қосылуын күтіп отырған ана бір сәтте ұйықтап кеткен. Бөлмеде өрт тұтанып, абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Тек жастық пен матрас өртенген. Алайда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін өрт сөндірушілер көпбалалы анаға 11 мың теңге көлемінде айыппұл салған.

Ешкім зардап шекпеген, мүлік те зақымданбаған. Ендеше онсыз да күнін әрең көріп жүрген көпбалалы ана не үшін айыппұл төлеуі тиіс? Осы сауалды тілшілер төтенше жағдайлар департаментіне жолдаған.

Screenshot_6

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар бойынша басқарма басшысы Ринат Валишанов: «Барлық құжаттарын көрсеткеннен кейін Жұмагүл Серғазинова айыппұл төлеуден босатылды. Оның бәрін өзіне түсіндірдік. Одан бөлек, қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша да көпбалалы анамен әңгіме жүргізілді», – дейді.

Айыппұл мәселесі шешілді. Ал баспана неге берілмейді? Бұл сауалды тілшілер жергілікті әкімшілікке жолдады.

«Серғазина Жұмагүл Мейрамқызы бізде 2014 жылы тіркелген. Өтініш 2014 жылдың 10 тамызында берілген. Қазіргі таңда ол 257-ші кезекте тұр. Баспана мемлекеттік тұрғын-үй қорының есебінен кезек бойынша беріледі. Ал кезектен тыс баспаналы болуға тек ҰОС ардагерлерінің, мүгедектердің, жетімдер мен қараусыз қалған балалардың құқығы бар», – дейді Павлодар қаласы ТҰКХ баспана үйлестіру бөлімінің жетекшісі Аспандияр Темірболатов.

Screenshot_7

Көпбалалы ана 13 жыл кезекте тұрғанын айтып қынжылады. Ал баспана үйлестіретін мемлекеттік қызметкерлер оның небәрі 2 жыл кезекте тұрғанын айтып ақталуда. Серғазинова 11 жылдың есепке алынбауының себебін түсіне алмауда.

Жіберіп алмаңыз: 

Астана тұрғыны 27 жасында 5 баласымен жесір қалды (фото)

Қазақстандық атбегілер жылқы баптап джип ұтуды кәсіпке айналдырған

Келін: Күйеуім аямай ұрса да, балам үшін отбасымды бұзбаймын

Алматыда мәйіті табылған студенттің неден қаза болғаны белгілі болдыбиелеп отыр

Талқылау