Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғыз қалған әжені 600 бейтаныс адам туған күнімен құттықтап қуантты (фото)

Лиззи Пикен ешуақытта тұрмысқа шықпаған. Сол себепті, қария көп жылдан бері туған күнін жалғыз өзі атап өтіп келеді. Алайда оның биылғы 100 жас мерей тойы ерекше өтті.

Бұл туралы Metro басылымы жазды.

Плимут қарттар үйінің қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы бейтаныс адамдардан Лиззи ханымды туған күнімен құттықтауды өтінген екен. Бастапқыда қызметкерлер Лиззи ханымға 100 ашықхат келеді деп күткен. Алайда 638 бейтаныс адам ашықхат пен түрлі сыйлық жолдаған. Қызметкерлер Ұлыбритания халқынан мұндай жомарттықты күтпегендерін жасырмайды.

“Біз Лиззимен келе жатқан туған күні туралы сөйлестік. Әңгіме барысында оның көңіл-күйі жоқ секілді көрінді. Сол себепті, әлеуметтік желі арқылы хабарландыру таратып, өтініш білдірген болатынбыз. Іштей жасына сай 100 ашықхат келсе екен деп тіледік. Лиззидың 103 жастағы әпкесі Шотландияда тұрады. Қария бар өмірін мансабына арнаған. Сол себепті, жары мен балалары жоқ. Балалық шағы Бирмингемде өткен Лиззи әскердегі борышын да өтеп келген. Кейін елге оралып, Тонтонда медицина саласында білім алған. Артынша Плимутта акушер болып жұмыс істеген. Лиззидың айтуынша, отбасы болмаса да, өмірінде бақытты сәттер өте көп болған”, – дейді қызметкерлердің бірі.

Дәл қазір Лиззи қарттар үйінде тұрып жатыр. Ол құрдастарына жиі тәттілер сыйлап, олармен әзілдескенді ұнатады. “Жалғыз болсам да, шексіз бақыттымын. Барлығы жалғыздықты бақытсыздықпен байланыстырады. Мен жұртты жалғыздықтан қорықпауға шақыратын едім. Өмірімді мансабыма арнағаным үшін еш өкінбеймін. Себебі, мен өмірімнің әрбір сәтін бағаладым”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

21 жастағы жезөкше төсекте өзін қанағаттандыра алмаған клиентін атып тастады

Денесін дәрі көмегімен өсірген жігіт жұртты таңқалдырды (фото)

Ғалымдар 300 тісі бар ерекше акуланы қолға түсірді (фото)

Қытайда ер адам бөгдепланеталықтарды көргенін айтып жұртты сендірді (фото)

Талқылау