Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалға берілген Қазақстанның 12 мың гектар жерін шетелдіктерден сот арқылы қайтармақ

Шетел компанияларына жалға берілген Қазақстанның 12,3 мың гектар жері сот арқылы мемлекетке қайтарылады, – деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов.

7

Сурет: zgic.ru 

Жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесін комиссия 28 мамыр күні талқылайтынын хабарлаған едік. Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның екiншi отырысы өткен болатын.

«45 мың гектар жер жеке кәсіп иелігінде, олардың бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. 12,3 гектар жер Ливан мен өзге де мемлекеттердің қатысуымен құрылған кәсіпкерлік меншігінде болған. Қазір осы жерлерді қайтару мәселесі сот арқылы шешілліп жатыр. Бұл дегеніміз – жер участкаларының шетелдіктерге берілуі өте қатаң дегенді білдіреді», – деді Асқар Мырзахметов сенбі күнгі жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында.

Ауылшаруашылық министрі шетелдіктер мен шетел кәсіпорындары Қазақстанның 65 мың гектар жерін жалға алып отырғанын да атап өтті.

Айта кетейк, Астанада Жер реформасы бойынша комиссияның үшінші отырысы өткен болатын.

Жібіреп алмаңыз:

Астанада жер комиссиясының отырысында пікір қақ жарылды

Талқылау