Астанада жер комиссиясының отырысында пікір қақ жарылды

Дүйсенбі, 16 Мамыр , 2016 22:03

Билік пен бұқара диалогқа көшті. Елімізде Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияда айтылған ұсыныстар қызу талқыланып жатыр. Елбасы жерді сату мен жалға беруге мораторий жарияланған соң даулы Жер кодексі қайта қаралып жатқанын айта кетейік. Ал, Астанада сенбі күні Ұлттық музейде өткен жиында барлық мәселе ашық айтылды, – деп хабарлайды ктк арнасы.

ea5c257fb094cc5ad95255abd9600629

Елімізде бұрын-соңды дау тудырған заңға қатысты осындай отырыс ешқашан өтіп көрмепті. «Тарихи» деп баға берілген басқосуға министр, депутат, ақын-жазушылар, қоғам белсенділері, шаруалар, экономистер, саясаттанушылар мен заңгерлер жиналған. Жиынға төрағалық еткен вице-премьер Сағынтаев комиссияға мүше 75 адамның сөзін бөлген жоқ. Барлығы ішіндегісін жасырмай ашып айтты. Халыққа ақпарат дұрыс жетпегендіктен, «опық жеп отырмыз» дегендер де табылды.

««Жер сатылайын» деп жатқан жоқ. Шындығында бұл дезинформация болды. 1-ші шілдеден бастап «қытайлар келеді екен де, қазақтың жерін сыпырып сатып алады» деген әңгіме тарады. Олардың экономикасында ақша көп, өздері сымай жатыр деп шуласты. Бұл кезде әрине, халық қозғалады. Бұл жерде жасыратыны жоқ , Үкіметтің олақтығы- дұрыс түсіндіре алмағанымыз», – дейді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Енді осы жұрттың түсінбестігін туғызған Жер кодексіндегі баптарды жеке-жеке талқылайтын уақыт бар. Комиссияға жерден несібесін айырып, жұртқа жұмыс тауып беріп отырған шаруа қожалықтарының жетекшілері де мүше. Егіс науқаны қызған шақта алқаптағы шаруасын тастап Астанаға жеткен кәсіпкерлер жердің ұзақ мерзімге жалға берілуін қолдап отыр.

«Әлемде ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс артып жатыр. Себебі, келешекте мұнай мен газдың дәурені бітеді. Сондықтан бос жатқан жерлерді шетелдік инвесторларға беру керек. Жаңа технологиясын әкелсе, біз олардан үйренер едік. Әрі бәсекелістік болады», – дейді жеке шаруа қожалығының басшысы Сайран Буканов.

Мәселен, Еуропа елдері жерді 100 жылға дейін жалға беріп, табыс тауып отыр. Ұлттық экономика министрлігі де, бұл тәжірбие Қазақстанда сәтті жүзеге асса, бірнеше жылдың ішінде миллиардттаған табысқа кенеліп, мыңдаған адамның жұмысқа орналасарына сенімді.

«Президент дұрыс айтты:» Халыққа ұнамайтын заң бізге керек емес» деп. Осы апталарда халық өз ұстанымын анық білдірді. Халқымыз жерді не сатуға не жалға беруге қарсы. Билік есікті ашқасын біз келдік. Ақылдасып, сабырмен шешіп тастайық!» – дейді қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан.

«Жер сатылмасын, жалға да берілмесін» деген тараптың өз уәжі бар. Олар қазақ жері өз азаматтарымызға ғана жалға беріліп, ризығын да өздері көруі тиіс деп есептейді. Таңнан қара кешке дейін жалғасқан отырыста осындай сан түрлі пікір айтылды. Ешкім айғайлап дауыс көтерген жоқ. Жер тағдыры біржақты шешіліп, ойлар бір арнаға тоғыспайынша,мұндай бас қосу әр сенбі сайын өтіп тұрмақ.

««Жерді қазақстандықтарға сатамыз ба ,сатпаймыз ба?» – осы мәселені көтереміз. Сырттан эксперт шақырамыз, сайттардағы халықтың барлық ұсынысы талқыланады. 75 адамның пікірі боп қалмайды. Жинастырып келіп шешім шығарамыз», – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Комиссияның алғашқы отырысы тура 7 сағатқа созылса да, сөз таластыру мұнымен біткен жоқ. Кейбір қоғам белсенділері интернетте жиі сынайтын министрлермен бетпе-бет кездесіп, өткір сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды. Ал 21-мамырда өтетін басқосуда 4 жұмыс тобының жетекшілері іріктелмек. Жер кодексіне бір жылға мораторий жарияланғанын ескерсек, асықпай талқылауға әлі уақыт жетеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Нағыз ақша табам десе жерді сатқаннан көрі жалға берген тиімді.Бірақ жерді қазақстан республикасымен шектесетін бес(қытай ресей өзбекстан қырғызстан түркіменстан)мемілекетке мүлдем берілмеу керек.европаның кезкелген мемілекеті алақайлап келеді.соларға беру керек.жане олар мықты техналогиямен келеді сапасыз емес.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар