Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақын арада жер бетінде жаппай шоколад таусылмақ

АҚШ ғалымдарының айтуынша, жақын арада бүкіл жер шарында жаппай шоколад жетіспеушілігі туындауы мүмкін.

шоко1

Америкалық мамандардың пайымдауынша, аталмыш проблема тек тәтті құмарларға ғана емес, сондай-ақ қан қысымы төмен және жүрек ауруына шалдыққан жандарға да үлкен соққы болмақ.

Жер шарындағы шоколад жетіспеушілігі Латын Америкасындағы какао ағашының ауруға шалдығуына байланысты туындап отыр екен. Қазіргі таңда Латын Америкасы әлем бойынша шоколад өндірісі үшін негізгі тасымалдаушы рөлін атқарып отырған еді.

Сонымен қатар, ғалымдар мұндай түйткіл Африкада да бар дейді. Ол құрлықта да қуаңшылыққа байланысты какао алқаптары қурап қалған. Бұл да өз кезегінде жалпы шоколад нарығына кері әсерін тигізеді.

Бірақ, шоколадты жақсы көретін жандардың әзірден көңіл-күйлерін түсіруіне еш негіз жоқ. Өйткені, мамандар қазір вирус таратушы какао ағаштарындағы заттектерге өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Иранның бұрынғы президенті мал бағып жүр

Ақ үйдің фотографы Обаманың қарапайымдылығын паш ететін суреттерді жариялады (фото)

Адам денесіне салынған сәтсіз татуировкалар (фото)

Британиялық әйел баласын 8 жасқа дейін емізбек (фото, видео)

Талқылау