Заңгер: Құжатсыз жұмыс істеп алдансаңыз да, құқығыңызды қорғай аласыз

19 жастағы жігіт екі бірдей басшысына қалай алданғанын сөз етті. Ал заңгер құжатсыз жұмыс істеген жағдайдың өзінде құқықты қорғауға болатынын айтып жатыр.

18512667_111686142744093_3297874343127678976_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Әділет Анарбеков екі бірдей жұмыс берушіге алданған. Бірінші рет құрылыс компаниясының басшысы жалақысын бермей қойған болса, екінші жағдайда фаст-фуд басшысы іс-түссіз ғайып болып кеткен. Осы орайда, заңгер оған құқығын қалай қорғауға болатынын айтып берді.

«Астана қаласына ағамның шақыруымен жұмысқа келдім. Алдыңғы жылы қыркүйек айында келген болатынмын. Екеуіміз бір апталық жұмысқа келістік. Артынша екі-үш апта жұмыс істеуіме тура келді. Ақшаны сылтауратып кешіктіре берді. Соңында жұмыс беруші телефонын өшіріп тастады. Оның үстіне арамызда келісім-шарт жоқ еді. Ауызша 250 мың теңгеге келістік. Осылайша ағам екеуіміз де ақшасыз қалдық. Екінші рет сэндвич пен донер жасайтын фаст-фудта жұмыс істедік. Құжатты тағы да өткізген жоқпыз. Бірақ, ол бізден құжат сұраған болатын. Осылай жүргенімізде бір ай өтіп кетті. Ақырында бастықты да, цехті де таба алмай қалдық», – дейді Әділет Анарбеков.

Әділет қана емес, оның досы да алаяқтарға алданған екен. Арасында екеуінің бірге жұмыс істеген кездері болған.

«Біріншіден, өзіңіздің құқығыңызды қорғайтын мемлекеттік инспекцияға барыңыз. Сол жерде арыз жазған соң, қызметкерлер жұмыс орныңызға барып тексеру жүргізеді. Яғни сіздің жағдайыңызды тек мемлекеттік инспектор шеше алады», – дейді заңгер Айсана Осман.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Сексолог: Кінәні тастап кеткен күйеулеріңізден емес, өздеріңізден іздеңіз

Жас әйел 4 құрбының күйеулерін кезегімен “тартып” алған

Келіншек күйеуін бірнеше рет опасыздық жасап жатқан жерінен ұстағанын айтып ашуланды

Жас келіншек үйдегі бар ақшаны енесінің ұстайтынын айтып ренжіді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар