Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас келіншек үйдегі бар ақшаны енесінің ұстайтынын айтып ренжіді

Айгүл Сарбасова енесінің ақша бермейтінін айтып ренжіді. Күйеуі де моральдық тұрғыдан қолдау көрсетпейді екен.

Безымянный

Бұл туралы «Мен әйелмін» парақшасында жазылды.

Қазақстандық бойжеткен әлі тумаған сәбиінен айырылып қаламын ба деп қорқып жүр. Себебі, дәрігерлер жазып берген дәрілерді ішпеген екен. Тіпті, қалаған тамағын алып жей алмайтынын айтып жатыр. Ал бұған үйдегі барлық ақшаны ұстайтын енесі себепші болып отырған-ды.

«Мені жолдасым мүлдем түсінбейді. Менде бір рет түсік болып, екіншісін күні-түні тілеп жүріп әрең көтердім. Дәрігерлер бұл жолы да баладан айырылып қалуым мүмкін екенін айтып жатыр. Маған дәрі жазып берді. Оларды әлі алмадық. Өйткені, ақша енемізде. Барлық карточканы сол кісі ұстайды. Алма жегім келетінін айтсам, 1 кг ғана алып келеді. Оны сегіз адам бөліп жейміз. Соңында маған жарты алма ғана қалады. Дәрі де жоқ, далаға шығып қыдырту да жоқ. Киім алу дегенді ұмыттық. Жолдасымның тарапынан еш қолдау жоқ», – дейді Айгүл Сарбасова (есімі өзгертілді).

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бұрынғы жігітінің туған ағасына тұрмысқа шыққалы жатқан қыз жұрттан кеңес сұрады

22 жастағы келіншек өзін “итше” тепкілейтін күйеуі туралы айтып жылады

Анасын бір аптадан кейін моргтан тапқан жігіт: Айта алмағандарыңызды тірісінде айтып қалыңыздар

Қос жұртынан қорлық көрген әйел марқұм анасын сағынып жылады

Талқылау