Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы жігітінің туған ағасына тұрмысқа шыққалы жатқан қыз жұрттан кеңес сұрады

Қазақстандық бойжеткен бұрынғы жігітінің ағасына тұрмысқа шықпақ. Десе де, келін болып барған жерінде ағалы-інілінің арасына от саламын ба деп қорқып жүр екен.

wedding-speeches-2245545_960_720

Бұл туралы «Мен әйелмін» парақшасында жазылды.

Айтұмар Жапарқұлова бірнеше жыл бұрын жігітпен жүріп, бір айдан кейін айырылысып кеткен. Енді әлгі жігіттің туған ағасына тұрмысқа шыққалы жүр екен. Ол осы орайда, жұрттан ақыл сұрады.

«Апа-аналардан ақыл сұрағым келеді. Осыдан екі жыл бұрын бір жігітпен жүрдім. Қыз-жігіт болып бір ай ғана кездестік. Араға бір жыл салып басқа жігітпен жүре бастадым. Бұл жігітім мені сыйлайды, сүйеді, қорғайды, мен үшін жанын қиюға әзір. Жуырда қазіргі жігітімнің бұрынғы жігітімнің ағасы екенін білдім. Бірден жігітіме шындықты айттым. Түсіністік танытып көнді. Осы жазда мені келін қылып үйіне түсірмекші. Ал інісі мұны білмейді. Ертең жазда осы әулетке келін болып түссем, аға-інінің арасына от саламын ба деп қорқып жүрмін. Не істесем болады? Тек түсіністікпен қарасаңыздар екен деймін», – дейді Айтұмар Жапарқұлова (есімі өзгертілді).

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

22 жастағы келіншек өзін “итше” тепкілейтін күйеуі туралы айтып жылады

Анасын бір аптадан кейін моргтан тапқан жігіт: Айта алмағандарыңызды тірісінде айтып қалыңыздар

Қос жұртынан қорлық көрген әйел марқұм анасын сағынып жылады

Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Талқылау