Сексолог: Кінәні тастап кеткен күйеулеріңізден емес, өздеріңізден іздеңіз

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 11:16

Гүлнәр Мәханова 10 жыл ішінде үш рет тұрмыста болған. Соңғы рет жас күйеуі несие алдырып, басқа әйелге үйленіп кеткен. Енді әйел балаларымен қайыр сұрап күнелтіп жүр. Десе де, ол ешкімнің көмегіне зәру еместігін айтып жатыр.

0логпе

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

«Балаларым 3-4-10 жаста. Бірінші жолдасымды құрбым тартып алды. Екінші күйеуім ішімдікке салынып, маскүнем болды. Өмірде екі рет тұрмысқа шыққан адаммын. Бірінші жолдасыммен ажырасқаныма 10 жыл уақыт болды. Екеуіміздің арамызға ортақ досымыз түсті. Алдын ала күдіктенсем де, көзімді жеткізе алмаған едім. Ол уақытта бұл бала менің ішімде еді. Құрбыларымның бірі «Гуля, сенің айтқаның рас екен. Күйеуің Нағима есімді келіншекпен жүретін болып шықты» деп айтты. Баламды босанғаннан кейін 4 ай өткен соң көңілім суып кетті. Бірге тұра алмайтынымды айтып, екеуіміз ажырасып кеттік.

Араға 6 жыл салып, екінші күйеуіммен табыстым. Ішкілігін қойдыру үшін талай жерге сүйредім. Бірақ, бәрібір қойдыра алмадым. Басында ішімдікке құмар екенін көрсетпеді. Кейін өнерін шығара бастады. Тіпті, көшеде ұйықтап қалатын күндері болатын. Бауырлары да көмектеспей қойды. Бірінші жолдасымды алып кеткен құрбыммен кездеспедім. Ол біраз уақыттан кейін басқа жігітке тұрмысқа шығып кеткен екен. Күйеуім де басқа біреуге үйленген екен. Мен алдында жұмыс істейтінмін. «Қошқар ата» деген әулие жер бар. Сол жерде аулу сыпырушы болып істедім.

Аула сыпырушы болып жүріп бір ер-азаматпен таныстым. Ол құжаттарын жоғалтып алған екен. «Баратын жерің де, құжаттарың да жоқ болса, біздің үйге жүр» деп шақырдым. Ол кісіден ештеңке жасырмадым. «Гуля, сен ашық сөйлейді екенсің. Мен сені жақсы көріп, ұнатып қалдым» деді. Екеуіміз осыдан кейін бір-бірімізге өмірбаянымызды айтып бердік. Осылайша өзімнен 4 жас кіші ер-азаматпен бас қостым. Бірнеше ай жақсы өмір сүрдік. Қызы ауырып жатқан соң, оған несие алып беруге келістім. Мені алдап кетеді деген арам ой болмады. Қазір Мәдина есімді келіншекпен бірге. Мен өзімді кінәламаймын. Сол кездің өзінде «Менде кінә болса айтыңдар. Сен менен не үшін кетіп жатырсың? Мәдинадан менің қай жерім кем?» дедім. Ол ештеңке айта алмады», – дейді Гүлнәр Маханова.

0джщлшонпп

Ал сексолог маман оған кінәні өзінен іздеуге кеңес берді. Әдетте ер-азаматтар әйелдер сексуалдық энергиясын жоғалтқан кезде тастап кетеді екен.

«Мұндағы басты мәселе әйел адамның энергетикасына байланысты. Жалпы әйел адамдарда «сексуалдық энергия» деген болады. Отбасы психологиясында бұл мәселе жиі кездеседі. Күйеулеріңізді кінәлай бермей, назарды өздеріңізге аударыңыздар. Түрлі техникалар бар. Әйел адам босанған кезде оның бұлшық еттері әлсірей бастайды. Екіншіден, ол өзінің энергиясын жоғалтады. Адамнан адамның шығуы оңай нәрсе емес. Сол кезде әйелде сексуалдық энергия болмағандықтан, ол ер-азаматқа қызық болмай кетеді. Үшіншіден, сіздің немесе оның бір психологиялық ақаулары болуы мүмкін. Мұны туыстарыңызға, достарыңызға жария етпей, білікті маманға баруларыңыз керек. Аллаға шүкір, бізде көптеген жақсы орталықтар бар. Солардан ұялмай барып кеңес алуларыңыз керек. Менталитетімізге орай, қазақтың көп әйелдері ұялады», – дейді сексолог Айнұр Асқарбек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жас әйел 4 құрбының күйеулерін кезегімен “тартып” алған

Келіншек күйеуін бірнеше рет опасыздық жасап жатқан жерінен ұстағанын айтып ашуланды

Жас келіншек үйдегі бар ақшаны енесінің ұстайтынын айтып ренжіді

Бұрынғы жігітінің туған ағасына тұрмысқа шыққалы жатқан қыз жұрттан кеңес сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар