Бүгін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Орталық коммуникациялар орталығында журналистерге арнап брифинг өткізді. Осы пресс-конференция барысында омбудсмен 7 жасар баланың қазіргі жағдайы туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Баланың отбасына пәтер сыйланады деп ешкім айтқан жоқ. Сол себепті, журналистерге ақпарат дұрыс жетпей қалған сияқты. Ал мектеп директорына келетін болсақ, оны танымаймын. Ауылға барған емеспін. Себебі, мен Шымкентке ұшып келген кезде, бала сол жерде болды. Бұл директордың кімнің туысы екенінде шаруам жоқ. Бұл сұрақты жауапсыз қалдыруға рұқсат етіңіздер. Себебі, бұл сұраққа айтар нақты жауабым жоқ», – дейді Зағипа Балиева.