Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісіне қатысты “қызық” сәйкестіктер пайда болды

ОҚО, Абай ауылында жоғары сынып оқушылырынан жәбір көрген 7 жасар бала Астанаға жеткізілді. Желі белсенділері бірінші сынып оқушысының ісіне қатысты айыпталушылар туралы сәкестіктерді анықтады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қоғамның талқысына түскен бұл оқиғаға қатысы бар отбасының байланысы туралы ақпараттар пайда болады.

Желі белсенділері бірінші сынып оқушысын зорлады деген оқиғаға қатысы бар баланың  тегі мектеп директорының тегімен сәйкес, Селтановтар екенін анықтады. Сонымен қоса, аудандық мәслихат депутаты, жәбір көрдім деген балаға алғаш тексеріс жүргізген дәрігер-уролог және ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы да Селтановтар болып шықты.

Ашық деректер қоры да бұл мәліметті растады. Яғни бірінші сынып оқушысы оқитын нөмірі 74 мектеп директоры Бейбігүл Селтанова, ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы Бауыржан Селтанов және Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Сапарғали Селтановтың бір мекен-жайда тіркелгені белгілі болды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы Абай ауылында орын алған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға ескерту мен сөгіс берген еді.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында жалақы алмаған жұмысшылар жолды жауып тастады

Алматы облысында әскерге барған жігіт өлім аузында жатыр

Маңғышлақ-Алматы пойызының жолсеріктері жолаушы әйелді босандырып алды

Алматыда іздеу жарияланған қыз аман-есен табылды

Талқылау