Энергетика министрі: Менің тағдырым президенттің қолында

Сейсенбі, 10 Қазан , 2017 13:36

Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев елдегі бензин тапшылығына байланысты лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шара қолданған.

Жиында Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс, ал оның орынбасары Әсет Мағауов қызметінен босатуға қатысты шешім қабылданды. Үкімет отырысынан кейін Қанат Бозымбаев Үкімет басшысының шешімін талқыға сала алмайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сіз премьер-министрге бензин тапшылығына байланысты мәселені дұрыс түсіндіре алдыңыз ба? Сіз бензинге тапшылық жоқ екенін айттыңыз. Премьер-министр бензин өсуіне әсер еткен факторларды сылтау деді. Яғни сіздің айтқыңыз келгенді Үкімет басшысы түсінді ме? Сіз өзіңізге қарсы қолданылған әкімшілік шараны орынды деп ойлайсыз ба? Премьер-министрдің қабылдаған шешімдері жайлы не айтасыз?», – деді журналистер.

«Премьер-министр менің тікелей басшым. Сондықтан оның шешімін талқылауға менің хақым жоқ. Біріншіден, өзімнен жоғары тұрған органның шешімін талқыға сала алмаймын. Себебі, мен Үкімет мүшесімін. Ал ол (ҚР премьер-министрі – автор) Үкіметтің басшысы. Сондықтан мен оның әрекетін талқыға салмаймын. Мемлекеттік қызметкер этикасына қарсы келе алмаймын. Екіншіден, ол өз құзыреті негізінде тиісті шешім қабылдады. Оны да мен талқыға сала алмаймын. Өзімнің тарапымнан, мен аталған мәселеге қатысты презентация өткіздім. Бензин тапшылығы мәселесін шешу үшін қандай жұмыстар атқарылу қажеттігін айттым», – деді Энергетика министрі.

Сонымен қатар Қанат Бозымбаев елдегі бензин тапшылығы апта соңында шешілетінін атап өтті.

«Осы аптаның соңында бензин тапшылығына байланысты мәселе тұрақталады. Бензин бағасы төмен болады деп сіздерге кепілдік бере алмаймын. Бірақ қараша айларында нарықтағы Қазақстан бензинінің үлесі жоғары пайызға ие болады», – деді министр.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері басшыға кезекті сауалын жолдады.

«Сіз алдағы уақытта көрші мемлекеттегі жанар-жағармай бағасы бірдей болу үшін бензин бағасы өседі деп айттыңыз. Сонымен қатар бұрыннан шешілмеген мәселелер бар. Отставкаға кету жоспарыңызда бар ма?», – деді олар.

«Мен осы Үкіметтің министрімін. Менің таңғырымды президенттің қолында. Президент не айтса, мен солай істеймін. Мәселе болса, біз оны дұрыс жолға түсіруіміз қажет», – деп жауап берді Қанат Бозымбаев журналистердің сұрағына.

Тағы да оқыңыз:

Әкемнің орнында болсам, мен де ажырасар едім: Мұхтар Тайжан жеке өмірі мен отбасы жайлы алғаш рет ашық айтты

Қазақстан ауруханаларында педиатрия бөлімдері қайта ашылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Елдин жагдайын ойлайтытын адам призиденке карамай оз пикирин айталады

  • Anonymous says:

    Ой-пой, періште бір

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар