Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар ЖОО-ға түсетін мектеп бітірушілерді ҰБТ-дан босату туралы ұсыныс айтты

ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Ақ жол» партиясы ҰБТ мен мектеп оқулықтарына қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Талқылау жиынына парламент мәжілісі мен сенат депутаттары, мектептер мен колледждердің директорлары, білім басқармасы мен ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Бұл «Ақ жол» партиясы депутаттарының ұсынысы. Ал, сенат депутаты  Мұрат Бақтиярұлы мұндай жағдайда түлектердің білімі төмендеп кететінін алға тартты. Айтуынша, ҰБТ ережесін 2018 жылға дейін өзгеріссіз қалдырып, мектептерде білім сапасын арттыру жұмысын қолға алу керек.

Бұл туралы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбітгүл Кәрімова келесі шаралар қолға алынып жатқанын тізіп өтті:

– тек қана бастапқы мектептерде ғана емес, негізгі және жоғары мектептерде оқулықтардың алдын ала апробациясын өткізуді міндеттеу нормасын енгізу (бұрын тек бастапқы мектептерде осындай талап болған).

– Оқулықтарды әзірлеушілерге жаңа талаптарды қою: оқулықты жазу кезінде авторлық ұжымның құрамында жоғары біліктілігі бар және мектепте аталған пән бойынша міндетті түрде сабақ берген мұғалімдер мен тәжірибешілер, ғалымдар болуы міндетті.

– Пәндік сараптаманы күшейту үшін апробацияға дейінгі міндетті пәндік сараптама жұмысы енгізіледі. Бұл өз кезегінде сарапшыларға апробация алдында кемшіліктерді түзеуге мүмкіндік береді.

– Полиграфиялық кемшіліктерге жол берген жағдайда баспаға жауаптылықты арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, оқулық шығар алдында баспа тұтынушыға міндетті түрде оқулықтың электронды нұсқасын көрсету нормасын енгізу.

– Басылмас бұрын оқулықтарға қоғамдық баға берген кезде қоғамдық бағалауға түскен есеп және кемшіліктер мен ұсыныстарды жою жүйесін енгізу, сондай-ақ, мектептер бойынша міндетті түрде оқулықтарды мектепке жолдап, пән бойынша мұғалімдердің сараптауынан өткізу;

Талқылау барысында осыған ұқсас өзге де ұсыныстар сараланды.

«Осындай шараларды 3 жыл бұрын қабылдағанда бүгінгі күні туындап жатқан сұрақтар әлдеқанша аз болар еді», – дейді Мәжілісі депутаты Наталья Жұмаділдаева.

Тағы да оқыңыз:

Ресейде пойызбен соқтығысып қаза тапқан жүргізуші Даниярдың өлімін отбасы жаңалықтардан естіген

Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)

Төреғали Төреәлі қанша баланың әкесі екенін айтты

Талқылау