Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде пойызбен соқтығысып қаза тапқан жүргізуші Даниярдың өлімін отбасы жаңалықтардан естіген

Көп балалы отбасының отағасы Дания Шілдебаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара ауылында тұрған. Бұл күндері оның отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Тергеу дерегі бойынша, аса қауіпті апат кезінде рөлде Данияр болған. Туыстары болса сол түні теміржол бойында не болғанын ешкім тап басып білмейді. 5 баланың әкесінің ауыр апаттан қаза тапқанын жаңалықтардан естіген.

Данияр Шілдебаев – тәжірибелі жүргізуші. Туыстарының сөзінше 20 жылдан бері көлік тізгіндеп келе жатыр екен. Бұрын алыс қашықтықтарға Камаз айдаған ол, үш ай бұрын ғана автобусқа ауысыпты.

Әлеуметтік жағдайлары жетпеген отбасы өз қаржыларымен Даниярдың денесін алдыра алмай отыр. Өз баспаналары да болмағандықтан, үй жалдауға тура келмек

“Басында дүйсенбі мәйітті жібереміз деп айтты. Барлық құжаттары дайын. Енді сәрсенбіге дейін күтіңдер деп отыр. Сосын мәйітті тануға туыстары келмеді деп айтты. Олар өздері үйде күтіңдер деп, бізді шақырмады да”, – дейді қызы Ақниет Беспаева.

Еске салсақ, 5-інен 6-қазанға қараған түні Ресейдің Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус пойызбен соқтығысып апатқа ұшыраған болатын. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, автобустың ішінде 55 жолаушы болған. Барлығы өзбекстан жұмысшылары және екі Шымкент тұрғыны болған. Олар автобус жүргізушілері.

40 жастағы Нұрғали Сарманов пен 47 жастағы Данияр Шілдебаев. Соңғысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал, тірі қалған екінші жүргізуші Сармановты Ресейдің  полицейлері қазір тергеп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Министр: Азаматтық қызметшілердің жалақысы 30%-ға өсті

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Қазақша сайрап тұрған орыс қызы анасынан “қазақша сөйлеші” деп өтінді (видео)

Талқылау