Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде пойызбен соқтығысқан автобустың қожайыны ОҚО тұрғыны болып шықты

Соңғы ақпарат бойынша жол апатына автобустың әлсіз аккумуляторы себеп болған екен,-деп жазды КТК арнасы.

Жалпы, жол апаты Владимир облысы Пакровка елді мекенінде болған. Мәскеу облысынан Шымкентке одан әрі Өзбекстанға бет алған автобус темір жол өткелінен өтіп бара жатып кенет моторы өшіп қалған.

Сол сәтте қарама -қарсы бағыттан жолаушылар пойызы келе жатқан екен.

Машинист, бірден тежеуішті басқанымен, отарба тоқтап үлгермей автобусты бүйірінен соғып, екіге бөліп жіберген. Мына кадрлерден оны анық көруге болады. Жантүршігерлік жол апатынан 16 адам қаза тапқан. 5-еуі ауыр әлде ауруханада жатыр.

«Машинистке қояр ешқандай кінә жоқ. Пойыз сағатына 90 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Ол автобусты 400 метрден көріпті. Бірақ, тежегішті бірден басқанымен, тоқтап үлгермеген.

Тіпті, автобусты екіге айырып, 300 метрге дейін сүйреп әкетіпті»,-дейді «РЖД» АҚ департамент басшысы Владимир Мягков.

Ал, ресейлік құтқарушылардың айтуынша, автобус оталмай темір жол өткелінде тұрып қалған соң, жүргізуші салонда ұйықтап жатқан жолаушыларды айқайлап оятқан екен.

Бірақ, қалың ұйқыдан жартысы ғана оянып далаға шығып автобусты итеріп оталдыруға ұмтылған. Бірақ, қас-қағым сәтте пойыз жетіп келген.

Қатты соққыдан автобус ішінде ұйықтап жатқандар бірден сол жерде тіл тартпастан кетіпті. Ал, сырттағылар пойызды көріп қашып кеткен. Сөйтіп олар аман қалды.

“Автобус жүргізушісінің айтуынша, дәл темір жол өткелінде тұрып қалған көлік оталмай қойыпты. Яғни, аккумуляторы әлсіз болған екен. Ал, аман қалғандарға қазір жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр”,- Владимир облысы ТЖБ бастығының орынбасары Руслан Блинов.

Тексере келе автобустың Қазақстандыкі екені анықталды. Нақтыласам Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағашта жеке адамның атына тіркелген. Ол тапсырыспен адам тасымалдаумен айналысқан екен.

Бұл жолы да Ресейде жұмыс істеген өзбек азаматтарын Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы отандарына әкеле жатыпты.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, автобустың ішінде 55 жолаушы болған. Барлығы өзбекстан жұмысшылары және екі Шымкент тұрғыны болған. Олар автобус жүргізушілері.

40 жастағы Нұрғали Сарманов пен 47 жастағы Данияр Шілдебаев. Соңғысы оқиға орнында қаза тапқан. Ал, тірі қалған екінші жүргізуші Сармановты Ресейдің  полицейлері қазір тергеп жатыр.

«Сыртқы істер министрлігі біздің азаматтардың туысқандарына қажетті жәрдем көрсетілетін болады»,-деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Қазір апат бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал, автобусты соққан пойыз Санкт-Петербургтан-төменгі Новгородқа бара жатқан екен. Ондағы жолаушылар аса қатты зардап шекпеген.

Иә, автобуста 54 адам отыратын орындық бар. Бірақ кейбір мәліметтер бойынша, көлікте артық кісі болған.

Тіпті Қазақстан нөмірін таққан жүргізушілер тәртіп сақшыларынан қашу үшін бірнеше рет бағытын өзгерткен. Енді тірі қалған отандасымыздан жауап алынып болған соң, оған ресми түрде  айып тағылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Елдегі бензин тапшылығы Еркенің хитінің мақамымен әзіл әнге айналды

Ресейде қазақстандық автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео жарияланды (видео)

33 жастағы келіншек пластикалық ота арқылы сұлуланған соң өзіне қалталы күйеу іздемек

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Талқылау