Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эльмира Сыздықова өзіне сыйлаған көлікті әкесіне берді (фото)

Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықова сыйға берілген  Toyota Camry көлігін әкесіне тарту етті, деп хабарлады спортшы.

20160909003345

«Toyota Camry көлігін (Қарағанды облысы әкімі Рио Олимпиадасындағы жетістігі үшін сыйға берген) әкеме бердім. Ол онымен үйге кетті», – деді Сыздықова ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша, спортшы ең бірінші орынға ата-анасын қояды.

Эльмира өзіне Қарағанды облысының грек-рим күресі, еркін және әйелдер күресі федерациясы сыйға берген Toyota Corolla көлігін қалдырған.

Utvfoto1

Әзірге спортшы өзінің туған үйі Солтүстік Қазақстан облысына барған жоқ. Ол ата-анасымен бірге демалуды армандайды.

Қараша айында Эльмира Әзербайжанда өтетін  Golden Gran Prix Baku  халықаралық жарысына қатысуды жоспарлап отыр.

«Жақын күндері жаттығуды бастаймын. Маған демалу да зиян», – деді Олимпиада жүлдегері.

Бұған дейін Сыздықованың 69 килограмм салмақ дәрежесінде мысырлық Энас Мостафадан басым түсіп, қола медальға қол жеткізгенінжазған болатынбыз.

Еркін күрестен Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуде кейін күміс жүлдегер атанған ресейлік Наталья Воробьеваға есе жіберген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықова сары кабриолетпен Қарағандыны аралады

Олимпиадада «қола» жүлде алған Сыздықоваға пәтер сыйға беріледі

Эльмира Сыздықова: Ешқандай қуаныш сезінгем жоқ, үйіме қайтқым келеді

Талқылау