Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эльмира Сыздықова: Ешқандай қуаныш сезінгем жоқ, үйіме қайтқым келеді

Олимпиаданың қола жүлдегері Эльмира Сыздықова ешқандай қуанышты сезіне алмағандығын және тезірек анасын көргісі келетінін айтты.

12738247

Бұған дейін Сыздықованың 69 килограмм салмақ дәрежесінде мысырлық Энас Мостафадан басым түсіп, қола медальға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

«Қазір ештеңені де жете түсініп тұрған жоқпын, шаршадым, үйіме, анама тезірек жеткім келіп тұр. Туған жерім – Қарағанды, алайда ата-анам Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Олар да қазір мен үшін ұйықтамай алаңдап отыр», – деді Олимпиада жүлдегері.

Еркін күрестен Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуде кейін күміс жүлдегер атанған ресейлік Наталья Воробьеваға есе жіберген еді.

«Бірінші белдесуде Наташамен күрестім. Қарсыласым өте мықты болды. Мен дайындалдым, бірақ… Ойдағыдай болмай шықты», – деді Сыздықова.

«Олимпиадаға барған спортшылардың бәрі жеңімпаз атанғысы келеді, алтынды көксеп барады. Менің де чемпион болғым келді, өкінішке қарай, бұйырмады. Қай жерден қателік жібергенімді әлі өзім білмеймін. Демалып, болған оқиғалардың бәрін қорытуым керек», – дейді Эльмира.

 

12738309

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы Данияр Елеусіновті Олимпиададағы жеңісімен құттықтады

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті салтанатты түрде марапаттау сәті (фото)

Қазақстан Олимпиада ойындарындағы медаль саны бойынша рекорд жаңартты

Данияр Елеусінов: Қолдау үшін еліме алғыс білдіремін

 

Талқылау