Елбасы Данияр Елеусіновті Олимпиададағы жеңісімен құттықтады

Бейсенбі, 18 Тамыз , 2016 9:56

Қазақстан президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады.

20160818083719

Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Елеусіновті бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елеусінов бокстанОлимпиада чемпионы атанды. Олимптің ең биік шыңына көтерілген Данияр Елеусінов ата-анасына және барша жанкүйерлерге алғысын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Әкесі: Данияр менің ғана балам емес, халықтың баласы

Данияр Елеусіновтың финалдық жекпе-жегі (фото, видео)

Данияр Елеусінов: Қолдау үшін еліме алғыс білдіремін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар