Данияр Елеусіновтың финалдық жекпе-жегі (фото, видео)
69 келіде сынға түскен қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов финалдық бәсекеде өзбек боксшысын жеңіп, олимпиада чемпионы атанды.

Фото: Ізтұрған Алдауов

Қазақстандық боксшы осылайша Рио олимпиадасында ел қоржынына үшінші алтын жүлдені салды. Бұған дейін 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және ауыр атлет Нижат Рахимов алтын еншілеген еді.









