Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов: Ата-анама, жанкүйерлеріме алғысым шексіз

Олимптің ең биік шыңына көтерілген Данияр Елеусінов ата-анасына және барша жанкүйерлеріне алғысын айтты.

e8f35410175fbef7cb523e7db7f9e775

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Көңіл-күйім өте керемет. Өз мақсатыма жеттім. Қазір ерекше қуаныштымын әрі бақыттымын. Менің барлық еңбегім сіздердің көз алдарыңызда болды. Ата-анама алғысым шексіз. Олар мені кішкентай кезімнен қолдап, жолымды ашты. Қазақстан отаныма, жанкүйерлеріме ерекше алғыс айтамын! Қазір әрине, түн, бірақ олардың көз ілмей маған жанкүйер болғандығы анық”, – деді Данияр.

Ол жарақатының да аздап финалда кедергі келтіргенін айтты.

“Жарақатым бір жағынан маған көмектесті деп те айтуға болады. Мен әркез қатты тәуекелге бару қателікке ұрындыруы мүмкін екенін ойлап, қорғанысқа жиі көңіл бөлдім. Қауіпті жағдайға бармай, қарсыластың осал тұсын табуға тырыстым”, – деді олимпиада чемпионы.

Чемпион қарсыласының да лайықты бокс көрсеткенін, ұтылып бара жатқан соң жанталаса шабуылдамақ болғанын  айтты. Боксшы бұл өзінің ғана емес, барша командасының  жеңісі екенін атап көрсетті.

“Әзірге кәсіпқой боксқа кетемін бе, кетпеймін бе оны уақыт көрсетеді. Нақты ештеңе айта алмаймын”, – деді болашағы туралы ой бөліскен чемпион.

69 келіде сынға түскен Данияр Елеусінов өзбекстандық Шахрам Гиясовқа қарсы жұдырықтасып, олимпиада алтынын жеңіп алды. Жекпе-жектің де видеосы сайтымызда жарияланған еді.

Талқылау