Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс депутат Ғани Қасымовтың жартылай жалаңаш суреті Инстаграмды шулатты(фото)

Қазақстанның экс депутаты Ғани Қасымовтың кеудешесіз түскен суреті желі қолданушыларына ұнап қалды. Саясатшы 67 жасында селфи жасап көрмек болған.

13174

Фото: instagram.com/gani_kassymov/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“67 жаста сэлфи жасау жақсы дүние емес, алайда ол өзіңе сыни көзқараспен қарауға көмектеседі… Мұнымен қатар, өзіңе ыңғайыссыздау сұрақтар қоюыңа тура келеді. Мысалы, бұл жаста не маңыздырақ? Жұмыс па әлде денсаулық па?”, – деп жазады саясатшы өзінің суретінің тұсына.

Желі қолданушылары керісінше Қасымовтың суретіне тамсана қарап, оның сырт келбетінің өз жасына сай екендігін айтты.

00

“Неткен керемет еді өзі”, “Күнім сіздің арқаңызда көңілді өтетін болды ғой”, “Дене бітіміңіз жаман емес”, “Ғани аға, сіз кереметсіз”, “Мықты”, “От екенсіз ғой” дейді желі қолданушылары. Мұнымен қатар, желі қолданушылары оның мойны мен қолындағы алтындарына назар аударып, сәнге еліктейтін азамат екенін де айтып өткен.

Арасында жуырда интернетті “жарған” италиялық миллиардермен салыстырғандар да болды. “Бір жеріңіз әлгі шал миллардерге ұқсайды. Не ішіп жүрсіз? Әлде жастық шақ сусынын тауып алдыңыз ба?” – дейді желі қолданушыларының бірі.


Жіберіп алмаңыз:

Ғани Қасымовтың тоны Инстаграмды шулатты

Алла Пугачева бояусыз жүзін көрсетіп, жұртты шулатты

Динара Сәтжанның жартылай жалаңаш суреттері жұртты шулатты (фото, видео)

Рэпер Жан Ахмадиев тағы да шулатты

Талқылау