«XXI ғасырдағы Алдар Көсе» атты фильм түсіріліп жатыр

Дүйсенбі, 21 Желтоқсан , 2015 16:06

Жаңа жыл қарсаңында Tengri media production кинокомпаниясы Қазақстан халқына «XXI ғасырдағы Алдар Көсе» фильмін ұсынбақ

6de62c7decf23ad0ffe33b27a3f2f76c

Бұл туралы express-k.kz хабарлады.

Жаңа жыл қарсаңында әрбір адам іштей бір ертегіге сеніп, сол ғажайыпты күтері анық. Сол ғажайыпты «XXI ғасырдағы Алдар Көсе» фильмінің басты кейіпкері бизнесмен Медет те күткен. Алайда ол күткен ғажайыптың орнына жағымсыз жаңалыққа кез болады. Өз компаниясының қызметкерінің бірі Медетті сатып кетіп, компаниясы банкрот болудың сәл алдында тұрады. Оның үстіне Медеттің отбасындағылар, әсіресе, енесі де оны қыспаққа ала бастайды. Міне, осы кезде Алдар Көсе көмекке келеді. Ол Аяз атамен қосылып Медетті тығырықтан алып шығады.

Фильмде Медеттің рөлін КВН-да өнер көрсетуімен есте қалған Нұржан Бейсенов, Алдар Көсе рөлін Шыныбек Рахмашев ойнайды. Оған қоса көрермендер Фархат Абдраимов, Қаракөз Тілеубекова, Обид Асомов және Дина Тасболатова сынды актерлерді көріп, көзайым болмақ. Бұл фильм қоюшы-режиссер Азиз Өмірзақовтың комедия жанрындағы тұңғыш фильмі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар