Ұяты бар ұры екі қолын көлікпен басып өтуді жалынып сұрады (видео)
Алматыда көлік дөңгелегін ұрламақшы болып жатқан жерінен ұсталып қалған ұры, көлік иесінен өзінің екі қолын басып өтуді жалынып сұрайды.

Видеоға қарағанда ролик авторы оны қылмыс үстінде ұстап алған.
“Басып өт, басып өт деймін!” дейді әлгі ұры көлік иесіне.
Бірақ, түсіріп тұрған адам ондай қатыгездікке бармаған. Есесіне ол ұрлықшыны полиция өкіліне тапсыратынын айтады.
Оқиғаға қарағанда жағдай Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Ұяты бар ұры екі минутқа жуық уақыт бойы өзін жазалауды сұрайды.
Оқи отырыңыз:
Жолаушылар Астана әуежайының жаңа терминалының жұмысына шағымданып жатыр
ВВС Жетісудің сұлу табиғаты туралы ролик түсірді (видео)
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек