Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда тасбақа автокөліктің быт-шытын шығарды (видео)

Қытайдың Ганьчжоу қаласында 26-қабаттан құлаған тасбақа автокөліктің быт-шытын шығарған.

877

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Полицияға шағым түсірген жүргізуші Toyota Camry көлігін әлдекімнің қиратып кеткенін айтыпты. Тәртіп сақшылары автокөліктің маңайынан өліп жатқан тасбақаны тапқан. Белгілі болғандай тасбақа жоғарғы қабаттан құлап кетіпті.

Полицейлер көп ұзамай оның иесін де тапқан. Ол тасбақаны жақында сатып алғанын және оны асүйге қалдырып кеткенін айтыпты.

Автокөлік иесі әйелден келтірілген шығынды өтеуді талап етіпті. Алайда әйел одан бас тартқан. “Мұндай менің кінәм жоқ, тасбақаның өзі жылжып төменге құлап кеткен”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Жоғалған күшік туралы ән тыңдаған балақай көз жасына ерік берді (видео)

Оразада ұрланып су ішем деп ұсталып қалған жігіт елге күлкі болды (видео)

Қақпашы екі гол жіберіп алған соң көңіл-күйі түсіп, үзілісте такси ұстап кетіп қалды (видео)

Қырғыз мүфтиі АҚШ-тың католик шіркеуінде азан шақырды (видео)

Талқылау