Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қақпашы екі гол жіберіп алған соң көңіл-күйі түсіп, үзілісте такси ұстап кетіп қалды (видео)

Бразилиялық “Фигейренсе” клубының қақпашысы Фабио Госалвес екі гол жіберіп алғаннан кейін көңіл-күйі түсіп, үзіліс кезінде такси ұстап стадионнан кетіп қалған.

34837930032_58b8916a5c_o

Бұл туралы Globo Esporte хабарлайды.

Оқиға “Фигейренсе” және “Боа” командалары арасындағы матч кезінде болды.

Гонсалвес өзінің дебюттік матчында тура алаң ортасынан бағытталған допты қайтара алмай қалған. Видеода “Боа” ойыншысының алаң ортасынан доп тепкені, бірақ оны Гонсалвестің қолына ұстау мүмкіндігі бола тұра жіберіп алғанын байқауға болады.

Ал екінші голды голкипер пенальтиден жіберіп алған.

Осы екі сәтсіздікке қатты ренжіген қақпашы тайм аралық үзіліс кезінде таксиге отырып, тайып тұрыпты.

Осы оқиғадан соң “Фигейренсе” клубының басшылығы 38 жастағы қақпашымен келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдаған. Матч 2:0 есебімен “Боа” командасының пайдасына шешілді.

Оқи отырыңыз:

Андрей Аршавин “Астана” қақпасына супергол соқты (видео)

Роналду 6 жасар ұлының айып соққысынан салған керемет голын көрсетті (видео)

Фируза Шарипова қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)

Қанат Ислам не себепті қарсыласын нокаутқа жібермегенін түсіндірді (видео)

Талқылау