Айнұр Нұрсейітованың әкесі ұшақта жанжал шығарғаны үшін қамауға алынды

Сәрсенбі, 21 Қыркүйек , 2016 19:00

Жас қазақстандық актриса Айнұр Нұрсейітованың әкесі бес тәулікке қамауға алынды.

Айнұр Нұрсейіт

Фото: Comode.kz

Ұшақты Ақтауда қонуға мәжбүрлеген «Анталия-Алматы» рейсінің жолаушысы әкімшілік жазаға кесілді. Ол бес тәулік бойы қамауда отырады, деп хабарлады Sputnik.

Бұл туралы Алматы қаласының арнайы ауданаралық әкімшілік сотында хабарлады. Бұдан бұрын хабарланғандай, оқыс оқиға №6755 ұшағының бортында актриса Айнұр Нұрсейітованың әкесі Ертай Нұрпейісов пен емізулі баласы бар әйелдің арасында орын алды. Ұрысқа ұшақтың өзге жолаушылары да араласты. Ақырында экипаж мәжбүрлі түрде жоспарланбаған орынға қонуға шешім шығарған.

Ұшақ бортында бас-аяғы 211 жолаушы болған. Ұшақ тек үш сағаттан кейін ғана қайта ұшқан. Сот мәлімдемесінде:

«Азамат Н. Қоғамдық орында азаматша Ж.-ға бейәдеп сөздер айтқан, өзге жолаушыларға деген құрметсіздігін көрсеткен, яғни кішігірім бұзақылық жасап отыр. Қоғамдық тыныштық пен физикалық тұлғалардың тыныштығын бұзған», – делінген. Сот отырысында ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Әкімшілік жаза заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз: 

Қылмыскерлер семейлік жігітті “көгілдір” екенін елге жариялаймыз деп бопсалаған

Алматы облысында жас сарбазды соққыға жығып, өлтірген екі азамат сотталды

Атырау облысында 5 мың долларға жаңа туған сәбиді сатқан перзентхана қызметкері сотталды

Петропавл тұрғыны базарда әйеліне пышақ сұғып өлтіргені үшін сотталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Салима says:

    Қандай əкімшілік жаза соның орнында қарапайым біреу болсын, 2 жылға қамап жіберер еді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар