Атырау облысында 5 мың долларға жаңа туған сәбиді сатқан перзентхана қызметкері сотталды

Сейсенбі, 20 Қыркүйек , 2016 13:43

Атырау облысының кәмілеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сот отырысында жаңа туған нәрестені сатқан перзентхана қызметкеріне қатысты шешім шықты, деп мәлімдеді Атырау облысының баспасөз қызметі.

1467958129_4_52c6bcf287bab

Сот отырысы жабық түрде өтті. Қызметін пайдалана отырып кәмілетке толмаған сәбиді сатқаны үшін Н. Хамзинаға есімді айыпталушыға мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы жазасын түзеу мекемесінд өтейтін болады. Одан бөлек, Хамзинадан мемлекет есебіне іс жүргізу шығындары үшін 43 мың теңге өндіріледі.

Бұған дейін Атырауда жаңа туған сәбиді 5 мың долларға сатпақ болған медбикенің ұсталғанын, нәрестені сатқан перзентхана қызметкері сотталатынын хабарлаған едік.

Айта кетейік, 19 маусым күні Атырау облысының ІІД ҰҚКБ қызметкерлері облыстағы перзентханадан сәби сату ісін әшкереледі. Тергеу нәтижесінде, Хамзинаның бала босанушы ортаазия елінің азаматшасын үгіттеп, нәрестесін сатуға көндірген. Бұл үшін $2,5 мың ақша алыпты. Сәбиді сатып алушыға беру кезінде ұсталған қызметкер қалған $2,5 мың қаражатты сол кезде алуды жоспарлаған.

Хамзина нәрестені сату жөнінде 2016 жылдың қаңтар айында келіскен екен.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкент перзентханасында сатылған 21 сәби дерегіне қатысты тергеу басталды

Алматыда перзентхана қызметкерлері жаңа туған сәбилерді қалай сатқандарын айтып берді

Испанияда нәресте “жейдемен” туылды (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар