Атырауда жаңа туған сәбиді 5 мың долларға сатпақ болған медбике ұсталды

Дүйсенбі, 20 Маусым , 2016 21:55

Баланың құны – бір жарым миллион теңге! Атырауда облыстық перзентхана қызметкері осындай сомаға жаңа туған шақалақты сатпақ болған жерінде ұсталды, – деп хабарлайды ктк арнасы.

baby

Медициналық тіркеуші болып істейтін 41 жастағы келіншек балалы болуды армандап жүрген танысына сәби тауып бермекке уәде етіп, осыдан екі ай бұрын жарты ақшаны алыпты. Сөйтіп, орайы келгенде перзентханада босанған 18 жастағы Өзбекстан азаматшасын алдап-сулап, баласын сатуға көндірген. Бұдан кейін құжаттарды нәрестенің болашақ ата-анасының атына толтырып, жексенбі күні қалған соманы алып жатқан кезде қолға түсті.

«Клиент» пен делдал арасында кикілжің болды ма, әйтеуір полицияға оны сәбиді сатып алмақ болған келіншектің өзі ұстап берген. Бала сатқыш келіншек қазір қамауға отыр. Әріптестерінің айтуынша, ол перзентханада 5 жылдай жұмыс істепті.

«Осы уақытқа дейін ол кісінің тарапынан ондай оқыс қылықтар байқалмаған. Баласынан бас тартты деген құжат қағаз жоқ.Өзімізге де тосын жағдай болып отыр», – Атырау облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Альмира Сабырғалиева.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бул не деген масқара о заманда бұ заман жаңа туылған шақалақты сату деген? Ондай адамдарды өлім жазасына,кесу керек, тіпті Ораза айында жасалған бул іс əрекетін кешірілмеу керек .Аллах жазасын берсін. .

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар