Петропавл тұрғыны базарда әйеліне пышақ сұғып өлтіргені үшін сотталды

Жексенбі, 18 Қыркүйек , 2016 14:18

Петропавл тұрғыны 20 жыл отасқан әйелін пышақтап өлтірді. Жұбайлардың екі перзенті болған. Сот қылмыскерді ұзақ уақытқа түрмеге қамау туралы шешім шығарды.

146396

Ел назарын аудартқан аты шулы оқиғаның нүктесі қойылды. Базарда жұмыс істейтін әйелін тура жұмыс орнында пышақтап өлтірген ер адам 11 жылға сотталды, деп хабарлады Sputnik.

Қылмыстық оқиға 2015 жылдың 27 қаңтарында «Евразийский» базарында орын алған еді. 44 жастағы Марина Боровскаяның кеудесі мен мойнына бірнеше рет пышақ сұғылып, әйел оқиға орнында көз жұмған еді. Көп ұзамай күдікті деп танылған әйелдің күйеуі қолға түсті. Қылмыскердің үстінен ҚР қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Марқұмның бауыры Сергей Епишиннің айтуынша, Марина мен Михаил Боровскийлер шамамен 20 жылдай бұрын үйленген. Отбасылық кәсіптерін жолға қойған жұбайлар алғашқыда тату-тәтті өмір сүрген көрінеді.

“Алайда Михаилдың ойын автоматтарына деген құмарлығы артып, ішкілікке салынғаннан кейін бәрі өзгерді. Уақыт өткен сайын отбасының берекесі кете бастады. Базардағы жұмысына көңіл бөлмей, жиі жанжал шығаратын, төбелесетін. Марина үнемі үйінен қашып кететін, полицияға арыз жазып, ажырасуға да өтініш берген. Алайда Сергейдің уәделерінен кейін екі баланың анасы ойланып, қайтып келіп жүрді”, — деді Епишин.

Оның айтуынша, әйел 2008 жылдан бастап үш рет ажырасуға өтініш білдірген. Алайда күйеуі оны әркез көндірген. Бірде кешірім сұрап, түзелетіні жайлы уәде берсе, келесіде әйелін қорқытып, бопсалаған.

“Олардың екі ұлдары бар. Кішісі қан ауруына шалдыққан. Күйеуі Маринаны ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытқан. Марина сол үшін де қайтып келетін, алайда 2014 жылдың соңында ол ажырасу туралы нақты шешімге келген еді. Күйеуінің ашуын тудырған да осы”, — дейді марқұмның інісі.

2015 жылдың 26 қаңтарында Петропавлдағы № 2 соттан ажырасу туралы сотқа шақырту келгеннен кейін Боровских әйелінің жұмыс орнына барып, отбасылық мәселесін шешпекші болған. Осы мақсатта 27 қаңтар күні сағат 16 шамасында Михаил мас күйінде базарға барған. Жұбайының жалғыз отырғанына көзі жеткен соң ол онымен татуласпақшы болған. Алайда Марина қарсылық білдіріп, ажырасытынын кесіп айтқаннан кейін күйеуі оны өлтіруге бел байлайды. Содан кейін пышақ сақталған сөреге жақындап, пышақ алған. Қорыққан Марина есікке қарай беттеп, бұрышты баллонды күйеуінің бетіне шашып жіберген. Құлап қалған Михаил алған жарақаттарына қарамастан, есіктің алдына тұрып алып, әйеліне бірнеше жерден пышақ сұққан. Қашып құтылғысы келген әйел ақырында еденге етбетімен құлаған. Одан кейін Михаил оның арқасына отырып алып, кеуде тұсына және мойнына тағы да бірнеше соққы жасаған. Ақырында әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оған көз жеткізген қылмыскер бутикті жауып, пышақты лақтырып жіберген.

Қолға түскеннен кейін Михаил өз кінәсін мойындаудан бас тартқан. Айтуынша, қылмысты жасау кезінде ол психикалық күйзелісте болған. Соған қарамастан, СҚО облыстық ауданаралық соты қылмыскерді 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Қатаң режімді колонияда жазасын өтейтін ер адам маскүнемдіктен емделіп, марқұмның туыстарына 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуі тиіс.

Жіберіп алмаңыз: 

Таразда екі бала құлаған плитаның астында қалып қойды

Қазақстан азаматы Ресейде банк тонады

Астаналық әйел көлігін дұрыс тұрақтамағандықтан бірнеше ер адамның соққысынан көз жұмды

Астанада ақшадан тарығып қара жұмысқа жалданған екі студент биіктен құлап мерт болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар