Қазақстан азаматы Ресейде банк тонады

Жексенбі, 18 Қыркүйек , 2016 8:35

Қазақстан азаматы Екатеринбургте бәрін жарып жіберемін деп қорқытып, банк бөлімшесінен бір жарым миллион рубльді алып кетті.

v-moskve-grabitel-vynes-seyf-s-dengami_1

Қарызға белшесінен батқан 21 жастағы ер адам қылмысқа қарыздарын өтеу үшін барған. Ол Екатеринбургке Қазақстаннан келген.

Бұл жігіттің отанында өмірі орнықсыз болған. Өз досының қымбат машинасын қиратып алған ұры көлікті жөндетуге қажетті соманы таба алмайды.

Ал жолдасы болса, көлікті жөндеуге аса қомақты ақша талап етеді. Жас жігіт мұндай қаржыны тек Ресейде ғана табуға болады деп шешкен, деп хабарлайды «Комсомольская правда в Екатеринбурге» газеті.

Университетті экономист мамандығы бойынша тәмамдаған жігіт осы себепті Екатеринбургте жұмысқа орналасуда еш қиындық болмайды деп сенген. Айлар өтеді, қарызы өсіп, жағдайы қиындайды. Тығырыққа тірелген азамат осылайша оқыс қадам жасауға бел буады.

Басылымның жазуынша, банкирлер ұрыны ашуландырмай оған барлық еуро мен долларды бере салған. Ол рубльге шаққанда бір жарым миллион болады. Ақшаны алған баукеспе тездетіп ізін суытады.

10 мың еуроны бірден өзінің  досына, отанына аударады, қалғанына пәтерақысына төлеп, өзі жақсылап киінеді.

Екатеринбург полициясының қызметкерлері оны көп ұзатпай қолға түсірді.

Жіберіп алмаңыз: 

Астаналық әйел көлігін дұрыс тұрақтамағандықтан бірнеше ер адамның соққысынан көз жұмды

Астанада ақшадан тарығып қара жұмысқа жалданған екі студент биіктен құлап мерт болды

Алматыда бір күнде екі ірі жол апаты болды (фото)

Алматы облысында жол бойында намаз оқып жатқан имамды көлік басып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар