Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әйел көлігін дұрыс тұрақтамағандықтан бірнеше ер адамның соққысынан көз жұмды

38 жастағы Астана тұрғыны тұрақта бірнеше ер адамнан соққы алған соң көз жұмды. Бұл туралы ИА “NewTimes.kz” хабарлайды.

photo_195077

Куәгерлердің айтуынша, ер адамдарға әйелдің көлігін қалай тұрақтағаны ұнамаса керек. Олар әйелге ескерту жасаған. Осыдан соң жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

3a93e6691136f404d81ce612b7b35db2

Мерт болған әйелдің көршілері ер адамдардың әйелді шала жансар күйде гараж сыртына апарып тастағанын айтады. Оның денесі 8 тамыз күні табылды.

756365acd5469d53c7b3a41fc319def4

«Сол күн әлі менің есімде. Әйел қатты соққы алған. Ол алған жарақатынан емханада көз жұмды», – дейді жедел-жәрдем қызметкері.

Көршілері қайтыс болған әйелдің артында 2 баласы қалғанын айтады. «Шолпан» дүкенінің сатушысы төбелеске әскерилердің, әлдебір полковник пен бірнеше жауынгердің араласқанынын айтқан. Мұның рас-өтірігі әзірге белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда кішкентай екі қызы жартылай сал болып қалған анасының күтіміне қарап отыр

Астанада ақшадан тарығып қара жұмысқа жалданған екі студент биіктен құлап мерт болды

Алматы облысында жол бойында намаз оқып жатқан имамды көлік басып кетті

Талқылау