Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ жолаушысы ішіне жын кірген баланы видеоға түсіріп алған

Анасы баланың тыныштандыруға тырысып, жол серігінен Wi-Fi-ды қосуды сұрады. Ол ұлы мазасызданғандықтан баласына гаджеттен ойын қосып бергісі келді.

Бұл туралы Daily Mail жазғанын  Stan.kz хабарлайды.

Нью-Йорк суретшісі Шейн Таунли Германиядан отырған ұшақта әбден шаршаған. Ол сегіз сағат бойы «мазасыз баланың» жылаған дауысын естіп келуге мәжбүр болды.

Суретші тіпті баланың түсініксіз әрекетін видеоға түсіріп алған. Бала ұшақтың орындығына шығып алып, бар дауысымен айқайлап жолаушылардың мазасын қашырған.

Шейннің айтуынша, ұшақ жерден көтерілгеннен бастап бала айқайға салған. Одан қоса жол бойы елдің тыныштығын бұзып, өзі бір демалмаған.

Суретші видеоны YouTube каналына «бала сегіз сағат бойы ішіне жын кіргендей жүгіріп жүр» деп жүктеген. Ол онда мазасыз баланың анасына арнап пікір қалдырып кетті.

Сондай-ақ, өзі авиакомпанияға арнайы барып арызданбаса да, одан басқа жолаушылардың баланың әрекетіне  шағымданғанына сенімді. Алайда, әуе тасымалдаушыларының өкілдері болған жай туралы жақ ашпады. Олар оны медицияналық құпия деп пікір беруден бас тартты.


Жіберіп алмаңыз:

Ресей футболшысы бес мыңдық купюрамен мұрнын сүрткен (видео)

Мектепте атыс болды: 17 адам қаза тапты (фото)

Үндістандық азамат көзінен қан ағып жылаған әйелін мыстан деп тастап кетті

Өзбекстанда қаскөйлер кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді

Талқылау