Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектепте атыс болды: 17 адам қаза тапты (фото)

Флориданың Паркленд қаласындағы мектепте атыс болып, 17 адам қаза тапты. Күдікті мектептің бұрынғы оқушысы болып шықты.

Бұл туралы мектеп орналасқан Бровард округінің шерифі айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Оқиға сабақтың аяқталуына 10 минут қалғанда басталған. Мектепте өрт дабылы шығып, кейін атыс басталған.

Шабуылдан 17 адам қаза тауап, 16 адам зардап шекті. Олардың 12-сі мектеп ғимаратында, үшеуі көшеде, екеуі ауруханада көз жұмған. Зардап шеккен 3 адам ауыр халде жатыр.

Қайтыс болғандар арасында мектептің футбол бапкері де бар.

“Шабулдаушы адам оқушыларды дәлізге шығару үшін бірінші өрт дабылының дыбысын қосқан. Ол адмдарды жаппай қырғысы келді”, – дейді сенатор Нельсон жергілікті телеарнаға берген сұхбатында.

Күдікті ретінде бұрын осы мектепте оқыған 1999 жылғы Николас Круз ұсталды. Ол тәртібі дұрыс болмаған соң, мектептен шығарылған екен.

Оның қолында түтін гранатасы мен газға қарсы маскасы болған.

Қайғылы оқиғаға байланысты мектеп апта соңына дейін жабылды.

Мектепте 14-18 жас аралығындағы үш мыңға жуық оқушы оқиды.

Тағы оқыңыз:

Бүгін жерге магниттік толқын түседі деп күтілуде

Бұрынғы қаңғыбас атақты аспазға айналып, айтулы марапатқа ие болды

Әуеде ұшып келе жатқан 363 жолаушы бар тікұшақ істен шықты

Той көйлегіне сыю үшін арықтаған блогер бедеу болып қалды

 

Талқылау