Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандық азамат көзінен қан ағып жылаған әйелін мыстан деп тастап кетті

Үндістанда күйеуі әйелінің сирек кездесетін ауыруына бола, оны мыстан деп таптап кетті. Ер адам әйелінің қанды көз жасына қарамастан, жұбайын артқа қалдырып кете барды.

Бұл туралы Daily Star басылымы жариялағанын, Stan.kz хабарлайды.

Бихардың шығысындағы Сахарс қаласының Гита есімді тұрғыны гематидроз ауыруынан зардап шегеді. Осыған байланысты ол күйзеліп, қобалжитын болса, оның көзінен қан аға бастайды.

21 жасар қыздың айтуынша, күйеуі осы ауруына бола оны тастап кеткен. Әйелінің көзінен аққан қанды жұбайы оны мыстан деп масқаралаған. Гитаның әкесі бұл аурудың күн сайын өршіп келе жатқанын, сондай-ақ басқа дене бөліктерінен де қан кетіп жатқанын айтады.

Дегенмен, жергілікті дәрігердің айтуынша қыздың қан қысымы қалыпты. Оның денсаулығында қан ұйып қалатындай мәселе жоқ екенін атап өтті

Гематидроз өте сирек кездесетін ауру. Адамзат тарихында бұл аурумен 30-дан астам адам ауырған. Психологиялық күйзеліс, қорқыныш кезінде науқастың тері қанмен араласып, нәтижесінде денесінен қызғылт немесе қызыл сұйықтық ағады.

Жіберіп алмаңыз:

Өзбекстанда қаскөйлер кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді

Ыстанбұлда куәгерлер терезеден құлап бара жатқан баланы құтқарып қалды (видео)

Педофил 11 жасар қызды 250 долларға сатып алмақшы болды

Анасы аяусыз ұрған 3 жасар бала есін жимастан көз жұмды

Талқылау