Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Уолл-стрит қасқыры” фильмінде Ди Каприо шабыт алған брокер қайтыс болды

Леонардо Ди Каприоны режиссер Мартин Скорсезенің “Уолл-стрит қасқыры” рөліне шабыттандырған бұрынғы биржалық брокер 53 жасында өлі күйінде табылды.

1

Бұл туралы Sky News хабарлайды.

“Уолл-стрит қасқыры” фильмінің брокер Джордан Белфорт екені туралы айтылса да, басты кейіпкердің мінез-құлқы негізінен өзге брокер Дан Джакеттен “көшіріліп” алынған. Джакетпен Леонардо Ди Каприо тоқсаныншы жылдары етене жақын араласқан екен.

Маусымның 12-сі күні Джакетто Нью-Йорктегі пәтерінен өлі күйінде табылған. Аузынан көбігі ағып жатыр екен. The Daily News хабарлауынша, ол демалыс күндері бірнеше мерекелік отырысқа барып, түнгі клубта күзетшімен төбелескен.

Джакетто голливудтық жұлдыздарға брокер ретінде қызмет көрсету арқылы танылған. Оның Ди Каприо, Камэрон Диас, Бен Аффлек және Мэтт Дэймон сынды жұлдыздармен бірге түскен суреттерін көп байқауға болады.

Биржалық брокердің жұлдыздармен етене араласып кеткені соншалық, оларға бола басы дауға қалған. 2001 жылы голливудтық жұлдыздардың қулығын іске асырамын деп 4,5 жыл түрмеде отырған болатын. Бұдан кейін 2014 жылы өзге біреудің несие карточкасымен ұшақ билетіне және ішкен тамағына ақша төлеп, қамауға  алынған.

01

2014 жылы Джакетто Vice News басылымына берген сұхбатында Ди Каприомен бірге түскен бір чемодан суретінің бар екенін тілге тиек еткен. Айтуынша, голливуд жұлдызы оның үйінде бірнеше айлап тұрған екен.

“Уолл-стрит қасқыры” фильмінің түсірілімі кезінде актер Ди Каприо Джакеттоның бойындағы қасиеттерді қайталауға тырысқан. Тіпті осыдан кейін БАҚ Джакеттоны Уолл-стрит қасқыры деп атап кеткен болатын.

“Бүгін мен қалағанымды жасай аламын. Мен қай жерге барсам да, барлығының ойдағыдай өтетіні сөзсіз. Маған ешкім де “жоқ” деп айта алмайды” – дейді ол әдетте.

250646dca7a860 (1)

Джакетто өмірінің соңғы жылдарында кіші Роберт Даунимен, Smashing Pumpkins тобымен, Джанет Джексон және Аланис Мориссетт сынды әншілермен етене араласып жүрген көрінеді. Ол өзінің сұхбаттарында жұлдыздармен сырласуды өмірінің мәні деп түсінгендігін айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Ди Каприо үйін бір аптаға 300 мың еуроға жалға береді

1 сәуір әзілдері: Дженнифер Лопес Ди Каприоны алдап соқты (видео)

Дженнифер Лопес Леонардо Ди Каприодан келген sms-ті жұрт көзінше оқыды

Леонардо Ди Каприоның ағасына іздеу жарияланды

Талқылау