Дженнифер Лопес Леонардо Ди Каприодан келген sms-ті жұрт көзінше оқыды

Бейсенбі, 31 Наурыз , 2016 8:01

Әнші және актриса Дженнифер Лопес актер Леонардо Ди Каприодан келген смс-хабарламаны күллі жұрттың көзінше оқыды. Жуырда Джей Ло танымал комик Джеймс Корденнің «Көліктегі караоке» бағдарламасына қатысқан еді.

Безымянный

Сурет twitter.com/eonline/status/

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Бұл шоудың бейнеролигі артынша YouTube сайтында жарық көрді. Оның барысында Лопес пен Корден әншінің хитқа айналған бірнеше әнін орындап, «ананы және мынаны» әңгіме қылып, орындарында отырып биледі. Шоу соңына таяп қалған кезде комик қонағының қалта телефонын «алып қойып», ондағы сақталған нөмірлерді зерттеп шықты.

Бірыңғай жұлдыздар арасынан ол Ди Каприоны таңдады. Ақыры Корден «Оскардың» жүлдегеріне Дженнифер Лопес атынан «қалаған нәрсесін айтуды» өтініп, Ди Каприодан ұсыныс күтетінін жазды. Сәл уақыттан кейін әншіге Ди Каприодан жауап келді. Сөйтсе, Лео «егер бүгінгі кешті айтып отырсаң, онда бірге клубқа барайық» деген. «Енді мұның бәрін оған түсіндіруіме тура келетін болды», – деді Лопес. Ал шынына келгенде, Лопес сол кешті үйінде балаларының жанында өткізбек болған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар