Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Леонардо Ди Каприоның ағасына іздеу жарияланды

Танымал Голливуд актері Леонардо Ди Каприоның өгей ағасы 44 жастағы Адам Фаррарға және оның әйелі Черити Мурға іздеу жарияланды. Ерлі-зайыптылар дүкеннен 990 доллар ұрлап кетті деп күдікке ілінген.

photo_179462-(1)

Сурет thesun.co.uk

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.

Ақпан айында оның ісіне қатысты сот отырысы өткенімен, отырысқа Адам Фаррардың өзі қатыспаған. Енді оны 3 мың доллар көлеміндегі айыппұл күтіп тұр. Сондай-ақ, сот отырысы да қайта өткізілетін болады.

Бұдан бұрын Ди Каприоның ағасы тыйым салынған препараттарды сақтағаны және көлікті құжатсыз жүргізгені үшін де айыпталған болатын. Адам Фаррар 1999 жылға дейін түрлі фильмдер мен сериалдарға түсіп келді. Оның соңғы ойнаған фильмі – “Щенки” картинасы. Осыдан соң ол ұзақ жылдар есірткіге тәуелділіктен емделген болатын.

 

Талқылау