Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үндемей отырып қалды": Танымал актер Асылбек Боранбай не үшін жылады

Танымал актер тұңғыш қызының тұрмысқа шығатынын білген кезде қалай қиналғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Асылбек

Асылбек Боранбай қызын ұзатып, той жасады. Сахналық әріптестері мен туыстарының басын қосқан "ТТТ" театрының басшысы кеш соңында көзіне жас алды. Жазира Байырбекованың әсем әнімен ұзатылған Әсел ару бұдан былай Нұр-Сұлтан қаласында тұрмақ. 

"Мен өзім отбасын қатты жақсы көретін адамдардың бірімін. Оның үстіне қыздарымды ерекше жақсы көремін. Қыз ұзату оңай емес – етіңнен ет кесіп алғандай, жүрегіңнің жартысын жұлып алғандай боласың. Бірақ, бұл – өмірдің заңы. Сол себепті, теңін тауып, сүйгеніне қосылып жатса – ол бақыт. Сондықтан ботама бар жақсылықты тілеймін. Барған жерінде бақыты баянды болсын", - дейді актер. 

Той иелері толқып жүр. Себебі, бұл осы әулеттегі алғашқы той. Төрт қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы "Әселге ұсыныс жасалғанын білгенде төбемізден жай түскендей болды" дейді. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Аллаға шүкір Астанамызда берекелі той өтті.Қызымызды құтты орнына қондырдық.Баллаларымыз бақытты ,үбірлі шүбірлі болып,баянды ғұмыр кешсін.Ал @guzelya1974 екеуміз баршаңызға жақсылық тіледік.Бізді қолдап келген өнердегі бауырларыма @dossymzhan_tanatarov @isaev_baurzhan @lukpan_zholdasov @klaratulenbaeva @medetsalyk @dosanali @murat_khozha @kurmash_makhan @kuanysh_sabyrkozha @kemal_seitzhan бауырларыма айтар алғысым шексіз.Баршаңызға раxмет.Той көп болсын ағайын. Астана .Нұр-Сұлтан.

Публикация от Асылбек Боранбай (@boranbay_a)

"Бұл біздің тұңғыш қызымыз болғандықтан – ең алғашқы тойымыз. Сол себепті қандай той болсын, қонақ келсін, дайындықсыз болмайды. Қызымыздың қуанышты хабары туралы естігеннен бастап, осы күнді белгілеп, той жасап, қуанышымызды көпшілікпен бөлісіп жатқан жағдайымыз бар. 

Иә, бұл туралы қызым бірінші маған айтып, кейін әкесіне жеткізуімді сұрады. Мен жылап алдым. Содан Асылбек "Неге жылап жүрсің?" деп менен сұрады. Қызымызға ұсыныс жасалғаны туралы айтып едім, Асылбек үндеместен ұзақ отырып қалды. Асүйге барып су ішіп, қайтып келген соң "Оқыған жігіт пе екен?" деп сұрады", - дейді Асылбек Боранбайдың әйелі. 

Сондай-ақ, актер әлі де болсын өз-өзіне келе алмай қиналып жүргенін айтты.  

"Мен ойласам жылаймын. Қазір сөйлей алмаймын, шын айтамын. Тұрмысқа шығатынын айтқан кездің өзінде жылап жіберген болатынмын. Өте сезімтал адаммын. Сондықтан да өте қиын", - дейді ол. 

Талқылау