Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үміт үзілді": Танымал қазақ актері өзге ұлттан тапқан сүйіктісін көрсетті


Баян Алагөзованың "Тағдыр бекеті" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған актер көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Ол "әулие Валентин" күнінде ғашығына деген сезімін білдіріп, оның суреттерін жариялады. Ал актердің өзге ұлттың қызымен "жүретінін" білген фанаттар оны сынға алды, деп жазады Stan.kz.

Асқар Ілиясов сүйіктісімен әртүрлі жерлерде жүрген суреттерін жариялады. Ол:

"Саған қайран қаламын. Шыдамдылығың, нәзіктігің, қамқорлығың мен ықыласың, әрине, махаббатың үшін рахмет", - деп сезімін білдірді.

Желі қолданушылары болса "қазақтан қыз таппадың ба?" деп актерді сұрақтың астына алды. Кейбірі махаббаттың ұлтқа қарамайтынын айтып, Асқарды қорғауға тырысты. 

"Әр әйел өзінше сұлу, ал дінге келер болсақ, әрине қазақ қызымен жүргені дұрыс", "Үміт үзілді", "Негізі қай ұлттан екені маңызды емес. Бірақ мына қызда не түр жоқ. Ең болмағанда жасырақ қызды таңдасаң болар еді", - деп жазды желідегілер.

 

Талқылау