Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ұлытау” тобының домбырашысы шаңырақ көтерді (фото, видео)

Қыдырәлі Болмановтың продюсерлік орталығында дүбірлі той. “Ұлытау” тобының белді мүшесі, домбырашы Рүстем отбасын құрып, дүркіретіп той жасады.

20687329_122739888358077_8210286872040046592_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қуанышты хабарды халыққа Қыдырәлі Болманов жеткізді.

“Ұлытау” тобында үлкен той! Былтыр Америка еліне концерт беруге барған болатынбыз. ООН ұжымының алдында берген концертте Қазақстан сән үйлері қатысқан болатын. Сол жолы Рүстеміміз самолетте Ақботамен қатар отырып қалыпты. Сол әуедегі таныстық бүгін осындай қуанышты тойға айналып отыр…

20688137_512436925814840_2875589683956416512_n

Бірнеше жыл бұрын Рүстем бауырымызды “Ұлытау” тобына әкеліп, әуеде қалыңдығымен жолықтырып, екеуінің де ата-анасын қуанышқа бөлеп, бір-біріне құда-құдағи қылып, дүбірлі той жасатқан, самолеттегі таныстықты дүбірлі тойға айналдырған шебер Аллаға сансыз мадақ! Отан отбасынан басталады демекші, отбасын құрған екі жасқа бақыт-береке, шынайы маxаббат, үбірлі-шүбірлі болып, еліміздің ең үлгілі отбасы болуын шын жүрегіммен тілеймін! Тойларыңыз құтты болсын! Алла тіл-көзден сақтасын!” – дейді ол.

Болмановтан өзге, әнші Асхат Тарғын той қонақтары қатарынан табылды.

20759414_1908637099401290_6130217099437539328_n

Ал Қарақат Әбілдина екі жасқа деген тілегін әлеуметтік желі арқылы жеткізген.

Талқылау