Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлты қазақ нейрохирург Германияда танымал дәрігерге айналды

Ұлты қазақ нейрохирург Германияда танымал дәрігерге айналды. Ол нейрохирургиялық 4 мың ота жасаған. Бұл туралы Kazakh TV хабарлады.

Фото: 24.kz

Жәдік Шенол есімді қазақ Германияда туған. Қазақстанда 1 рет болған. Ол 7 тіл біледі. Соның бірі – қазақ тілі.

Медициналық білімін Германиядан алған. Ол әр түрлі елдің емханаларынан тәжірибеден өткен. Шенол қазіргі уақытта науқастарға ота жасайды, студенттерге дәріс оқиды және Еропа, Азия және АҚШ-та өтетін халықаралық конференцияларға қатысады.

“20 жылдық тәжірибем бар. Бір орында тұрып қалмауға тырыстым. Әрқашан білімім мен тәжірибемді дамытып отырдым. Мен 4 мың нейрохирургиялық ота жасадым. Олар: мидың қатерлі ісігі, ми қан айналымының бұзылуы, гидроцефалия мен омыртқа ауруларыны. Қазір жұлын ісік ауруы мен жұлынның вирустарын ерте диагностикалау туралы ғылыми жұмыс жазып жатырмын”, -дейді Жәдік Шенол

Ол мүмкіндік болса Қазақстаннан келген балаларға тегін ота жасап беретінін айтты.

“Менің арманым – білімім мен тәжірибем арқылы әлемді жақсарту. Ең бастысы – жақсы нәтиже көрсету. Отаныма сәлем айтқым келеді. Қазақ жастарына айтатыным: жұмыс істеңдер, тіл үйреніңдер, еріншек болмаңдар”, – дейді ол.

Жәдік 4 бала тәрбиелеп отыр. Олар Қазақстанға барып көрмеген, бірақ қазақ тілі мен мәдениетін үйретіп жатырмын дейді ол.

Тағы оқыңыз:

Қатерлі ісікпен ауыратын қыз фотографты таңғалдырды (фото)

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

Динара Сұлтан жалаңаштанған қазақ қыздарына жан айқайын жеткізді (видео)

 

Талқылау