Қатерлі ісікпен ауыратын қыз фотографты таңғалдырды (фото)

Өмірінің жартысын ауруханада өткізген 4 жасар Рухсари Османованың арманы орындалды. Бұл туралы Экспресс К хабарлады.

Кира Ударцеваның  «Дарим радость» атты жобасы қатерлі ісікпен ауыратын балалардың армандарын орындаумен айналысады.

Сол жоба өмірінің жартысын ауруханада өткізген қыз Рухсари Османованы фотограф Александр Ергазинның студиясына апарды. Онда Рухсаридың фотосессияға түссем деген арманы орындалды. Қыз өзі үшін жұмыс істеген стилистер Анна Ким мен Ханға, визажист Надежда Кармышеваға рақметін айтты.

Кішкентай Рухсари Рапунцелдің, күлкілі лимон ертегісінің кейіпкерін және шығыс перісінің орбазындағы суреттерге түсті.

Ол өзін бақытты сезінгені сонша, түсірілім барысында езуіндегі күлкісін жиған емес, шаршағанын білдірмей, түсірілім командасына жаман қылықтарын көрсетпеді.

Фото түсірілімі біткеннен кейін дәстүр бойынша сыйлықтар тапсырылды. Рухсари барлығы күлгін түсте болатын көйлек, шляпа және Барби қуыршағына арналған үйшігінің болғанын армандайтын еді. Оның арманындағы заттарды мейірімді сыйқыршы жеткізді.

Мадина Талипова қызының сыйлық алғандағы қуанышын көргеннен көз жасын жасыра алмады.

«Ана, біз Nemo Dolphinarium-дағы шоуға барамыз. Бізде бәрі жақсы болады. Мен міндетті түрде жазыламын», – деді Рухсари анасына.

Тағы оқыңыз:

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

Динара Сұлтан жалаңаштанған қазақ қыздарына жан айқайын жеткізді (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар