Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан жалаңаштанған қазақ қыздарына жан айқайын жеткізді (видео)

Әнші Динара Сұлтан қоғамда тәнін жалаңаштап, ішімдік пен темекі сынды зиянды нәрселерге бой алдырған қыздардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Ол бір кездері өзінің де ашық-шашық киіммен сахнаға шыққанын мойындап, оны продюсердің талабы бойынша жасағанын айтты. Уақыт өте келе қателігінен сабақ алғанын атап өтті, деп жазады Stan.kz тілшісі.

“Бәріміз де жас болдық, өз қателіктерімізде өсіп келе жатырмыз. Бұл жерде мен ешкімді кінәраттағым келмейді. Әрине, әр адамның өз тағдыры өз қолында, не істесе де. Кезінде, продюсерлердің талабы бойынша ашық-шашық ән айтқан кездер де болды, ол тек жастық шақ шығар… (сахналық образ) Қазір жалаңаш жүргендер аз емес, әсіресе өз парақшаларына ішімдік ішіп, темекі тартып, боғауызданып отыратын жас қыздарды түсінбеймін. Қалай сонда? Ол қыз-баланың «подписчик»-терінде туыс-жаран, ата-анасы жоқ па екен?!! Әрине бар. Оның ішінде біздің де сіңілеріміз бар өкінішке орай. Бір түсінбейтінім, келешекте бұндайлар қалай үйленеді, үй болады, қандай тәрбие балаларына береді екен?! Неге десеңіз, бұл Инста, ФБ деген нәрселер жай ғана ұмытылып, жоқ болып кетпейді. Әй… Ақыр Заман деген осы шығар… Құдай сақтасын, менің балаларым көрмесінші деп тілеп отыратын болдым”, – дейді ашынған әнші.

Динараның бұлай деуіне себеп жоқ емес. Үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған әнші алғаш рет атұстарын видео арқылы көрсетті. Өзгелер жалаңаш тәнін көрсетуден жасқанбағанда, балаларымды көрсетуге неге қысылуым керек, дейді Динара.

“Біздер “ойбай көз тиеді”- деп балаларымызды көрсетпеуге тырысамыз! Ол да дұрыс шығар. Ал сонда қалай болғаны? Жалаңаштарға емізетін жерлерін салуға болады, ал мынадай мотивациялық видеоны көрсетпей тығып отыру керек пе?! Керісінше, жастарды Ана болуға, бала тәрбиелеуге жетелеу керек деп ойлаймын! Сондықтан жастар, бақыт деген инстада отырып күні-түні жарнама жасау, не бар не жоқтығын көрсету емес, барлық ақшаны таба алмайсың қарағым қанша шешінсең де! Бақыт ол Еңбек ету, ұрпақ әкелу! Ата-анаңның саған деген ақталған сенімі!” – деп түсіндірді әнші.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісованың жаңа шаш үлгісі желіде қызу талқыға түсті (видео)

Өмірқұл Айниязов өз тойында ойына келгенін жасады (видео)

Қайын атасы: Баян соттан жылап тұрып экс-күйеуін түрмеге жаппауды сұрады

Жазира Байырбекова биліктегілерге ренішін білдірді

Талқылау