Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайын атасы: Баян соттан жылап тұрып экс-күйеуін түрмеге жаппауды сұрады

Белгілі дирижер, Баян Алагөзованың қайын атасы Тұрым Алагөзов келінін қаралағандарды дұшпан санайтынын мәлімдеді. Ол Баянның ізгі қасиеттерін тізді. Айтуынша, оның қайырымдылығына Бақытбек Есентаевтың ісінде төрелік еткен судьялардың өзі қайран қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

“Баян менің үйімде осындай, бар болмысы осы. Оның “шығармашылық өмірін бағалайтын жандардың” не жазатынын біліп отырмын. Оның сұлу жүзі өзгерген жоқ, өмірге деген көзқарасы өзгерді. Бұрынғы күйеуін түрмеге отырғызбауды жылап тұрып сұрағанда, оның мейірімділігін тіпті судьялардың өзі бағалады. Баян қыздарын жақсы көргендіктен осындай қадамға барды. Алайда оның өтінішіне балалары да құлақ аспады, барлығын Заңмен шешті, сол үшін мен Алагөзов Тұрым оларды құрметтеймін. Баянды кінәлауды доғарыңыздар. Бақытбектің өзі де мүны түсініп, сотта көз жасына ерік берді.

Бір нәрсені ұғып алыңыздар: Мен тірі тұрғанда, балаларымды қорғаштаймын. Иә, немерем тегі мен әкесінің атын өзгертіп алды. Сол үшін оған рақметімді айтамын, біздің тегімізде сатқындар жоқ. Есесіне оның орнын Баян басты. Оны мақтан тұтамын. Мақсат өте жақсы қыз тәрбиеледі. Біліп қойыңыздар, Баянды қаралаған жандар менің де дұшпандарым”, – деп мәлімдеді Тұрым Алагөзов.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова биліктегілерге ренішін білдірді

Заттыбек Көпбосынұлы 80-ге келген әкесі мен жалғыз қызына дүркіретіп той жасады (видео)

Мақсат Мұхитденов қызын сынағандарға тағы да жауап берді

Әріптестері Баян Алагөзованы туған күнімен жарыса құттықтады

Талқылау