Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова биліктегілерге ренішін білдірді

Жазира Байырбекова билік басында отырғандарға базынасын жеткізді. Әнші шетелден, әсіресе, Қытайдан жеткізілетін азық-түліктің қауіпті екенін алға тартып, халықтың денсаулығына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Халықтың әрбірі біреулер үшін қымбат жандар! Әрбірінің денсаулығы мықты болса екен деп тілеймін!Сол үшін елімізге өзге мемлекеттерден (Қытайдан) азық-түлік кіргізбей, өзімізден шығатын сапалы өнімдерімізді тұтынғанын қалайсыздар ма? Мен де xалықтың бірі ретінде осы мәселеге қатты алаңдаймын.

Мен ешқандай басшының алдына барып, өзім үшін де бір нәрсе сұрап көрген адам емеспін. Егер билік басындағылар мені оқитын болса осы мәселені сұрар едім. Қолға алуға бола ма? Болашағымыздың денсаулығына алаңдаймын”, – деп бөлісті ол.

Желі оқырмандары әншінің бастамасын қолдай кетті.

“Шіркін, осы тақырыпты кім айтар екен деп армандаушы едім, иә Қытайдан кірген әрбір азық ол өте зянды xимикатпен ғана өседі, әйтпесе олардың жерінде құнар жоқ қой, xимикаттарды қоспағанда ешнәрсе өспей қалады. Сондықтан естімеген, көрмеген аурулардың түрі соларда”, – деп пікір білдірді Мира есімді оқырман.

Жіберіп алмаңыз:

Заттыбек Көпбосынұлы 80-ге келген әкесі мен жалғыз қызына дүркіретіп той жасады (видео)

Жалаң аяқ лезгинка билеген Жанар Айжанова желіні “жарды” (видео)

Мақсат Мұхитденов қызын сынағандарға тағы да жауап берді

Әуезов театры директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Талқылау