Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заттыбек Көпбосынұлы 80-ге келген әкесі мен жалғыз қызына дүркіретіп той жасады (видео)

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әкесі мен жалғыз қызына арнап дүркіретіп той жасады. Әншінің әкесі Көпбосын ақсақал сексеннің сеңгіріне шықса, қызы Зере 6 жасқа толып, биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған, деп хабарлайды Stan.kz. 

Шымкент өңірінде өткен дүбірлі тойға Роза Әлқожа, Нұржан Төлендиев, Жүсіп Ақшора сынды танымалдар қатысты. Меймандардың сөзіне сенсек, тойға 800-ге жуық адам шақырылған.

“Құдай берген менің байлықтарым. Әкем 80-ге, қызым 6-ға толды бүгін. Екеуіне бүгін той бердік. Ниеттес, тілектес болып тойға қатысқан барлық жақындарыма жаратқан ием жар болсын. Сіздердіңде тәңір тілеулеріңізді берсін”, – деп бөлісті Заттыбек инста-парақшасында.

Айта кетейік, 6 жасар Зере Заттыбек Көпбосынұлының 10 жыл күтіп, Жаратқаннан тілеп алған жалғыз қызы.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Жалаң аяқ лезгинка билеген Жанар Айжанова желіні “жарды” (видео)

“Қазақстан аруы” Айнұр Төлеуова екінші сәбиін дүниеге әкелді

Әріптестері Баян Алагөзованы туған күнімен жарыса құттықтады

Төреғали 5 күндік концерті мен үйлену тойын ұйымдастырған продюсердің ақшасын бермей қойған

Талқылау