Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық бюро Әбілязовты Астанаға келтіре алатын емес

Әбілязов тергеушілердің талабын елейтін емес. Қашқын олигархты Астанаға шақырып, алдырта алмаған Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро, оның миллиардтарды қалай қолды қылғанын енді баспасөз арқылы жариялады. Бұл туралы КТК хабарлайды.

4365e0afe89c636151405b5719de8d51-big

Әбілязов БТА-ның акцияларын сатып алып, қаржы ұйымының капиталын қолдан өсіреді. Сөйтіп, шетелдік инвесторлар мен Қазақстан азаматтарын алдап, банкке деген сенімін арттырған.

2005-2008 жылдар аралығында депозиттер мен инвестицияның көлемі бірден артып, банктің капиталы 8 есеге өскен. Кейін Мұхтар Әблязов бірнеше компаниясын несиелеу арқылы салымшылардың сол ақшасын жымқырған.

Әбілязов дәл осы жолмен банктің 7 миллиардтан астам долларын қолды қылған. Ол қыруар қаржының қалғанын оффшорлық компанияларына салып, шетелдерден активтер мен құнды қағаздар сатып алыпты. Қашқын банкирге ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, өзгенің мүлкін заңсыз иемденді, жалған құжат жасады деген айыптар тағылып, 7 бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айта кетейік.

Тергеушілер атышулы олигархты бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тергеуге шақырған болатын. Бірақ, Мұхтар Әбілязов оны пысқырған да жоқ. Енді жемқорлыққа қарсы бюро банкирге 15-ші ақпанға дейін Астанаға келіп, іс бойынша тергеушілерге түсініктеме беруін талап етуде.

Оқи отырыңыз:

Ұлттық бюро: Бишімбаев зауыт құрылысына бөлінген миллиард теңгені ұрлаған

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Талқылау