Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көше ортасында қызға шабуыл жасаған полиция қызметкері жазаланды

Шымкентте өзін көмекке шақырған қызды жұлқылап, дөрекілік танытқан полицей жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан скринделген

Шымкент полиция департаменті пікір білдіріп, тәртіп сақшысына қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеген еді. 

“Тексеру нәтижесінде полиция қызметкеріне ескерту беріліп, ол қызметтік қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.



Еске салсақ, Шымкентте полицияға жүгінген қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасағаны туралы хабарлаған едік. Бейнежазбада көмекке келген полиция өзінен қызметтік құжат сұрағаны үшін қыздарға ашуланып шабуылдаған.

Талқылау