Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк тұрмысы төмен азаматтарды қолдаудың жаңа бағдарламасын ұсынды

Алматыда Ұлттық банк өкілі мен ипотекалық борышы бар азаматтардың кезекті кездесуі өтті. Қаржылық қызметті тұтынушылардың құқығын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев қайта қаржыландыру бағдарламасынының аяқ алысы туралы баяндады.

1ff9c80f795e1602fc9e246d1bc

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Александр Терентьевтің айтуынша, Ұлттық банк тұрмысы төмен  ипотекалық қарызы бар азаматтар үшін тұрғын үйді сатып алу бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр. Мемлекет халықтың мұндай тобы үшін кепілдікте тұрған үйін сатып алу бағытында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазірдің өзінде Алматы қаласының әкімдігі бұл бастаманы қолдады. Бірақ жобаны іске асыру сызбасы әлі әзірленіп жатыр.

«Мемлекет мүлікті дисконтпен сатып алады. Шамамен, 20-25 пайызбен. Кейін бұл тұрғын үй жергілікті билік органдарының – әкімдіктің балансына қойылады. Сосын олар пайызсыз шарт жасасады. Борышкер ай сайын, шамамен, 30 жыл бойы 25 мың теңгеден төлейді. Дисконтты банктермен талқылау керек. Әзірге тек тұрмысы төмен азаматтарды ғана қосу жоспарланып отыр. Тұрғын үй жалға алу құқығында болуы мүмкін», – деп түсіндірді Александр Терентьев.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ қызы студент кезінде туған баласын қазіргі жігітінен жасырып жүр

Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты

Мұсылмандар ойлап тауып әлемге ұсынған 5 зат (фото)

 

Талқылау