Мұсылмандар ойлап тауып әлемге ұсынған 5 зат (фото)

Жұма, 23 Қыркүйек , 2016 15:49

Біз ислам тарихы арқылы көптеген мұсылман ғалымдары болғанын, олардың түрлі өнер туындыларын ойлап тапқанын білеміз. Ал төмендегі мына 5 дүниесіз қазіргі заманды елестете де алмас едіңіз.

hot  coffee

Бұл туралы muftyat.kz хабарлайды.

1. Көпшілік кітапханалар. Исламның ерте кезеңдерінде әлемдегі мешіттер интеллектуалдық пікірталастар өтетін орындардың бірі болды. Мұнда құлшылық етіліп қана қоймай, ішінде дін, философия, ғылымға байланысты көптеген кітаптарға толы кітапханалар да болатын. Бұл кітапханалардан жұрт кез-келген уақытта кітап алып, оқи алатын.

17

2. Хирургиялық құрал-саймандар. Х ғасырда өмір сүрген, хирургияның әкесі саналатын белгілі мұсылман хирургы Қасым әз-Захрауи көптеген хирургиялық құрал-саймандарды ойлап тапқан еді. Олар бүгінгі медицинада әлі күнге дейін қолданылып келе жатыр. Захрауи ойлап тапқан заттар арасында скальпель, хирургиялық қайшы мен ине де бар. Сонымен қатар, ол сұйықтықты өздігінен сіңіріп алатын тігіс материалын да шығарған.

333

3. Алгебра. Жеке ғылым ретінде алгебраны қолданысқа парсы математигі әл-Хорезми енгізген. Ол 800 жылдары алгебралық теңдеулерді шешудің жолдары көрсетілген трактат жазады. Алгебра Исламның алтын ғасырында жаңа биікке көтерілді.

ГДЗ-Алгебра-Макарычев-Ю.Н.-8-класс-№-1221

4. Оптика. ХІ ғасырда Ибн Хайсам атты мұсылман ғалымы адамның көруіне қатысты ескі көзқарастардың бәрін жоққа шығарды. Ол уақытта адамдар көзден арнайы жарық шығып, сол арқылы көреміз деп ойлайтын. Ал Хайсам болса, керісінше, көздің сырттан келген жарық сәулелер арқылы көретінін дәлелдеген.

3D-graphics_Optic_cable_005326_

5.  Кофе. Кофе дәндері алғаш Эфиопия жерінде пайда болды, оны өсіру де сол жақта дамыған. Бірақ XV ғасырда хабашиліктермен сауда жасаған мұсылман-арабтар Йеменде сол қара түйіршіктерден сусын жасап шығарады. Олар кофе дәндерін қуырып, артынан суға салып қайнататын. Дайын болған сусынды сопылар түні бойғы құлшылықта сергек болу үшін ішетін. Бүгінде сол сусын «кофе» деген атаумен әлемге танымал.

hot  coffee

Жіберіп алмаңыз:

Анамның болашақ күйеубаласы: Бойжеткен ұсыныс жасаған жігіттерді 5 топқа бөліп қарастырды

Қазақстандық әнші ислам дінін қабылдап, мұсылман киімін шығарумен айналыса бастады (фото)

Сүрменің пайдасы: Сүрме жағу сүннет пе?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар